» » Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова "Таза табиғат" экологиялық акциясына қатысты

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова "Таза табиғат" экологиялық акциясына қатысты


Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Наурыз мейрамы қарсаңында Тұңғыш Президент атындағы саябағында «Таза табиғат» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған ағаш отырғызу рәсіміне қатысты.
«Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – молшылық пен ізгіліктің бастауы. Бабаларымыз Әз-Наурыз келгенде бұлақтың көзін ашып, ағаш отырғызуды дәстүрге айналдырған. Бұл – ежелден келе жатқан біздің ата-салтымыз әрі бүгінгі күні жастарға көрсетер тәрбиелік мәні зор үлгі-өнегеміз. Туған жерді және оның табиғатын қадірлеу – азаматтық парызымыз десек, Өзіміз тұратын ауламызға тал егіп, туып-өскен аймағымызды көгалдандыру өмір салтына әрі күнделікті дағдымызға айналуы тиіс деп білемін. Сыр халқын осы игілікті іске белсене араласуға шақырамын», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Шарада қоғам қайраткері Сәпен Аңсат облыс ардагерлері атынан Наурыз мейрамымен құттықтап, жиналған қауымға батасын берді.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы өткен жылы қыркүйек айындағы Жолдауында елімізді ауқымды көлемде көгалдандыруды және экологиялық жағдайды жақсартуды тапсырды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында республика көлемінде бүгінгі күні «Таза табиғат» экологиялық акциясы ұйымдастырылуда.
Акцияға Қызылорда облысынан 6 мыңнан астам тұрғын қатысып, жергілікті жерде өсетін 20 мыңнан астам сыр талы, қара ағаш және жеміс ағаштарының көшеттерін отырғызуда.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлер де акцияға өз үлестерін қосып, Тұңғыш Президент атындағы саябаққа 300-ге жуық ағаш отырғызды.
Елімізде жасыл желекті көбейту мақсатында өткен жылы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жергілікті әкімдіктермен бірлесіп арнайы алгоритм әзірлеген болатын.
Осы құжат негізінде алдағы 5 жылда өңіріміздің табиғатына төзімді 178 миллион тал отырғызылады деп жоспарлануда.
Бұдан басқа, Арал теңізінің құрғап қалған бөлігіне жыл аяғына дейін 1 миллион 800 мыңнан аса сексеуіл егілетін болады.
Сонымен қатар облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Қызылорда» су торабына барып, қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Бас мердігер «CaspianContrctorsTrust» ЖШС жетекшісі Қайрат Ибраев атқарылып жатқан жұмыстардың барысын баяндады.
Жобаның құны 2 млрд.600 млн. теңгені құрайды. Қайта жаңғырту жұмыстары 2020 жылдың қазан айында басталып, 2022 жылдың аяғында бітеді деп жоспарлануда. Қазіргі таңда бұл жерде 70- ке жуық қызылордалық жұмыс жасап, 15 техника жұмылдырылған. Жөндеу жұмыстарына қолданылып жатқан құрылыс материалдарының 90% отандық өнім.
Аймақ басшысы жаңғырту жұмыстарының сапасына аса мән беруді, жұмысшылардың жалақысын уақытылы төлеуді және жоспарланған мерзімде бітіруді тапсырды.


21 наурыз 2021 ж. 540 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 050

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031