» » Сырда туған сырбаз ақын

Сырда туған сырбаз ақын

ІІІ Интернационал ауылдық кітапханасының Сoworking орталығында кітапхана және мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Сырдың сыршыл ақыны, халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың 115 жылдығына арналған «Сырда туған сырбаз ақын» атты тақырыпта әдеби-сазды подиум өткізілді. Басты мақсаты – ақын шығармаларын насихаттау.
Әдеби-сазды кеш жүргізушінің кіріспе сөзімен ашылып, бейнепроектордан «Өмір жолы» атты ақын жайлы деректі фильмді тамашалаудан басталды. Кеште оқырмандарға жазушының өмірі, шығармашылығы туралы толық мағлұмат беріліп, оқушылар ақынның өлеңдерін оқып, көрген деректі фильмі бойынша пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Құндызай Танкеева кеш туралы өз ойымен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғысын айтты. Кітапханашы тақырыпқа сай кітап көрмесімен таныстырып, жазушының шығармаларына шолу жасады. Кеш соңы мәдениет үйінің әдіскері Индира Өмірзақованың орындауында бүгінде сырбойылықтардың гимніне айналып кеткен «Сырдария» әнімен аяқталды.
Рима ТҰРМАНОВА
03 сәуір 2024 ж. 371 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 203
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 73

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031