» » Мемлекеттік қызметкер – ел айнасы

Мемлекеттік қызметкер – ел айнасы

Тура төрелік айтып, әділ шешім шығару – өте жауапты іс. Ал осы судьялардың кедергісіз сот отырыстарын жүргізіп, сапалы сот актісін шығарунда кеңсе мамандарының еңбегі ерен.
Сот мамандарының жұмысы көзге көріне бермегенмен, мұндағы құжаттардың сауатты әзірленуі, сотқа жүгінетін азаматтарға дер кезінде жауап беру, жол тілтеу, кеңес беру, сот отырыстарына қатысатын тараптардың процеске кешікпей келіп, ортақ тәртіпке бағынуын бақылау осы кеңсе мамандарының ұйымдасқан, бірлескен іс-әрекетінің арқасында жинақы жүргізіліп отыр.
Сот жүйесіне деген сенімді арттыру тек судьялардың ғана емес, сот мамандарының да басты мақсаты. Ал сенімді нығайту сапалы қызмет көрсетумен, сыпайы қарым-қатынас қалыптастырумен өзектес. Тиісінше, сотқа деген қөзқарас осы алғашқы қабылдаудың әсеріне байланысты қалыптасады. Осыны ескере отырып, кеңсе қызметкерлері әрбір азаматпен сыпайы сөйлесіп, қандай жағдайда да сөзін бөлмей, айтатын ойын тыңғылықты тыңдауы тиіс. Соттың басты тұтынушысы- халық. Сондықтан, сот қызметкерлері тұрғындардың сұрағына сауатты жауап, дұрыс бағыт беруге міндетті.
Сот әкімшісінің қызметкерлері сот жұмысын түсіндіруде, соттағы жобаларды насихаттауда, заңдарды басшылыққа ала отырып құқықтық кеңес беруде де белсенді. Бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста  жұмыс жүргізгендердің арқасында халықтың құқықтық сауатын көтеру ісіне де зор ынтамен үлес қосып келеді. Мемлекеттік қызметті талапқа сай атқарып, тұтынушының алғысын алу, сотқа деген сенімді нығайту – біз үшін мерейлі міндет.
М.Наят,
Қармақшы аудандық сотының
жетекші маманы 
15 наурыз 2024 ж. 236 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 285

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 380

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930