» » Сотты құрметтемеудің жауапкершілігі

Сотты құрметтемеудің жауапкершілігі

Адамның тағдырын таразылау үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ал сотты құрметтемеудің көріністері сот жұмысына кері әсер етіп, адам тағдырына қатысты істердің сапалы әрі уақытылы аяқталуына кедергі келтіреді. Осы істі мемлекет атынан атқарып отырған судьяның біліміне парасаты сай болғанымен сот процестері сотқа қатысушыларға да жеке жауапкершілік жүктейді. Бұл еліміздің тиісті заңнамаларында нақтыланған.
Сот отырысында тәртіпті бұзу деп сотқа және төрағалық етушінің өкімдеріне айқын құрметтемеуді куәландыратын, сот процесінің қалыпты жүруіне кедергі келтіретін, дәлелдемелерді зерттеуді қиындататын әрекеттер танылады.
Азаматтар сотты құрметтемегені үшін туындауы мүмкін жауапкершілік туралы сотқа келмегені үшін, процеске қатысушыларды қорғағаны үшін және т.б. құқықтық салдары қандай болуы мүмкін екенін білуі қажет.
Сот процесінде тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында іс жүргізу заңдарында тиісті шаралар көзделген.
Сот билігінің беделін тек барлық азаматтар, органдар, ұйымдар тарапынан құқық саласындағы ерекше құзіреттегі әлеуметтік және құқықтық институты ретінде тану – бұл сотқа деген құрмет.
Сотқа деген құрмет оның тәуелсіздігінің маңызды шарты болып табылады. Соттың тәуелсіздігі – Қазақстан Конституциясында бекітілген іргелі қағидат, ал сотқа құрмет – заңда ұйғарылған және осы қағидатты іске асыратын нақты мінез-құлық үлгісі.
Азаматтар сотты құрметтемеудің кез-келген көрінісі жалпы мемлекеттік билікті құрметтемеудің көрінісі екенін есте ұстау керек.
Б.Айжарықұлы,
Қармақшы аудандық соты әкімшісінің
бас маман сот приставы
05 наурыз 2024 ж. 398 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№31 (10399)

29 сәуір 2025 ж.

№30 (10398)

26 сәуір 2025 ж.

№29 (10397)

22 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 656
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930