» » Сот билігіне құрметпен қарау-әр азаматтың міндеті

Сот билігіне құрметпен қарау-әр азаматтың міндеті


Қазақстанда сот билігі бір тұтас мемлекеттік биліктің  дербес тармағы болып табылады. Ол барлық құзіретін Республика атынан жүзеге асырады. Тәуілсіздік жылдарындағы сот билігі еліміздің саяси және экономикалық даму жолында қоғамдық қатынастардағы түйіткілді тұстарды реттеуде жемісті үлес қосып келеді. Мемлекет пен азаматтық қоғамның арасында туындайтын дауларды өркениетті түрде, заң талаптарын басшылыққа ала отырып, сот төрелігін жүзеге асыратын органдардың өкілеттіктері арқылы шешу- демократиялық принциптерге негізделген қоғамдық дамудың, азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын тиісті дәрежеде қорғаудың, мемлекеттің халыққа деген қамқорлығының басты көрсеткіштері болып табылады. Ендеше, сот билігіне құрметпен қарау – әр азаматтың міндеті.
Заң үстемдегі жолымен шешілуіне наразылық танытатындар да болады, бұл олардың ең бірінші кезекте құқықтық сауатының таяғыздығынан боп келеді. Өйткені, жеке басының мүддесін заңнан да үстем қоятындар баршылық. Бұл оның құрмет пен жауапкершілік сезімінің төмен екендігін, заңға бағынбауға бейім тұратын эгоизмің, қоғамды сыйламайтындығын білдіреді. Әйтсе де, судьялар өз жұмысында тек баршаға ортақ заң үстемдігін басшылыққа алатындығын түбегейлі түсінгені абзал.
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртібесі туралы» Заңының 3-бабына сәйкес, сотқа немесе судьяға құрметсіздік білдіру заңда белгіленген жауаптылыққа акеп соғады. Сондықтан да, тараптардың сот отырысы барысында белгілі бір тәртіпке бағыну қажеттігін ұмытпағаны абзал. Ең бірінші кезекте өзіне, айналасындағыларға, процесті жүргізіп отырған судьяға құрметпен қарағаны жөн. Себебі, соты құрметтеу-заң үстемдігін құрметтеу деген сөз.
Сотқа деген құрметсіздік білдірген тұлғаларға қатысты жауапкершілік тек ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінде ғана емес, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде де қарастырылған. Мысалы, аталған кодекстің 653-бабында сотқа деген құрметтемеушілік үшін жауапкершілік көзделген.
1. Процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк) –
ескерту жасауға не жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін әрекеттерге (әрекетсіздікке) қолданылмайды.
Сотқа келген әр бір адам өзіне жүктелген жауапкершілікті сезініп құқықтық мәдениетті сақтауы қажет деп санаймын.
Айжарықұлы Бауыржан,
Қармақшы аудандық сотының  әкімшісінің аға
сот приставы

15 желтоқсан 2023 ж. 367 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 263

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 362

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930