» » Өмір қауіпсіздігі бәрінен маңызды

Өмір қауіпсіздігі бәрінен маңызды

Жуырда аудан әкімдігінде аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Жарқын Омаровтың төрағалығымен кезекті комиссия отырысы өткізілді. Оған комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары, жауапты өкілдері, мектеп директорлары және No108 орта мектеп әкімшілігі.
Күн тәртібіндегі мәселелерге орай «Білім беру ұйымдарында құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу және бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері туралы» аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Абдазиева хабарлады. Келесі мәселе бойынша No108 мектепте орын алған жағдайға байланысты мектеп директоры Құндызай Аймаханова хабарлама жасады.
Хабарлама жасаушылар атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, алдағы жоспарланған жұмыстарына да тоқталды. Оларға комиссия төрағасы тарапынан бірнеше тапсырма берілді. Атап айтқанда, тиісті бөлім басшылары мен жауапты қызметкерлерге мектептерде ақпараттық-танымдық профилактикалық іс-шаралар мен жол жүру ережелерін түсіндіру сабақтарын өткізуді, оқушылардың өмір қауіпсіздігі бағытындағы профилактикалық жұмыстарды күшейтуді, кәмелетке толмаған жасөспірімдермен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау, төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында ата-аналар мен балаларға түсіндірме жиналыстарын ұйымдастыруды екшеп айтты. Сонымен қатар жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануын, оның ішінде демалыс кезеңдерінде спорттық немесе үйірме орындарына баруын назарда ұстауды, мектептер мен колледжде тәрбие жұмыстарын жетілдіру бойынша бағдарлама әзірлеп, ұлттық тәрбиеге жете мән беруді, «Аналар академиясы», «Әкелер кеңесі» мен ата-аналар комитетінің жұмысын жандандырып, балалар мен олардың ата-аналары үшін отбасын нығайтуда бірлескен іс-шараларды жиі өткізуді қамтамасыз етуді жүктеді.
«ҚТ» ақпарат
03 наурыз 2024 ж. 133 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031