» » Мал ұрлығына тосқауыл

Мал ұрлығына тосқауыл

Аудандағы елді мекен тұрғындары негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Шаруаның бұл түрі жергілікті тұрғындардың қосалқы, кей жанұялардың негізгі күнкөріс көздерін құрайды.
Ол азық қана емес бүгінгі күні нағыз табыс көзіне айналуда. Нарықтағы еттің бағасы өскен сайын, мал бағасының құны да көтеріліп, шаруашылықтың бұл түріне қызығушылық артуда. Дегенмен кейбір теріс ниеттегі адамдар мұндай табысқа бейнет арқылы емес, шаруаның қанша еңбегімен өсірген малын жасырын жымқыру арқылы оңай олжаға қол жеткізуді көздейді.
Елді мекендердегі пада немесе кезек арқылы бағудың тиісті дәрежеде ұйымдастырылмауы, малдардың өз бетінше өрісте жүріп, қараусыз қалуы оның ұрлануына оңтайлы сәт туғызады. Одан бөлек, қараусыз жүрген мал автокөлік жолдарына шығып кетіп, жол көлік оқиғаларына да себеп болуда. Тұрғындардың осындай салғырттығы жол көлік оқиғаларынан туындайтын дауларға, ал кей жағдайларда адам өміріне қауіп төндіріп, орны толмас қайғыға әкеп жатады.
Құрметті аудан тұрғындары, малдарыңызды қараусыз қалдырмаңыздар. Мал қоралардың толық, тиянақты жабылуына назар аударып, сақтық шараларын қолданыңыздар. Сонымен қатар малдарыңызды сырғалап, таңбалап, деректер базасына енгізілуін және құжаттарының сәйкестендірілуін қамтамасыз етулеріңіз қажет. Малыңыздың ұрланғаны белгілі болған немесе осындай күдік туған жағдайда дереу полиция органдарына (102 нөміріне) хабарласыңыз.
Қармақшы аудандық прокуратурасы
29 ақпан 2024 ж. 317 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 619
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 392

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031