» » Мал ұрлығының алдын алайық...

Мал ұрлығының алдын алайық...

qarmaqshy-tany.kz Қазіргі уақытта үй жануарларын еркін жаю орындарынан, сондай-ақ жануарларды ұстау аумағынан ұрлаудың алдын алу және ескерту өзекті мәселе болып отыр.
Еркін мал жаю орындарынан үй малын ұрлаудың алдын алу мақсатында аудан тұрғындары малдарыңызды сырғалап, таңбалап, құжаттарын ретке келтіріп, үй малын көшеде қараусыз қалдырмауы, елді мекен ішінде еркін жаюға жол бермей, Қызылорда облыстық мәслихатының 21.10.2020 жылғы №473 шешімімен бекітілген Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларының және 27.12.1994 жылғы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 246 бабының талаптарына сәйкес, малдардың иесіз жайылмауына және «Пада» ұйымдастыру шараларын жолға қою қажет.

Осыған орай, мал ұрлығының алдын алу мақсатында, «ҚР ІІМ 2021-2023 жылдарға арналған мүлікті сақтау жөніндегі бағдарламасы» аясында, жергілікті ветеринариялық ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырушылық шараларын қабылдап, Қармақшы ауданы бойынша шаруа қожалықтарымен жеке тұрғындардың ауыл шаруашылығы жануарларын нақтылап, бірдейлендіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескертеміз.

Қармақшы АПб Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі

13 қаңтар 2023 ж. 805 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930