» » Мал ұрлығына тосқауыл

Мал ұрлығына тосқауыл


Ауданымыздағы елді мекен тұрғындары негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Шаруаның бұл түрі жергілікті тұрғындардың қосалқы, кей жанұялардың негізгі күн көріс көздерін құрайды.
Ол азық қана емес бүгінгі күні нағыз табыс көзіне айналуда.
Нарықтағы еттің бағасы өскен сайын мал бағасының құны да көтеріліп, шаруашылықтың бұл түріне қызығушылық артуда.
Дегенмен кейбір адамдар мұндай табысқа бейнет арқылы емес, шаруаның қанша еңбегімен өсірген малын жасырын жымқыру арқылы қол жеткізуді көздейді.
Осы жылдың І тоқсанында аудан көлемінде 10 мал ұрлығы қылмысы тіркеліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 43% көбейген (7).
27 бас мал ұрланып (9 жылқы, 17 сиыр, 1 қой), мал иелеріне 9,5 млн теңге көлемінде залал келген.
Елді мекендердегі пада немесе кезек арқылы бағудың тиісті дәрежеде ұйым­дастырылмауы, малдардың өз бе­­тінше өрісте жүрген жерінен ұрлануына оңтайлы сәт туғызуда.
Одан бөлек, қараусыз жүрген малдар автокөлік жолдарына шығып кетіп, жол көлік оқиғаларына да себеп болуда.
Құрметті аудан тұрғындары! Малдарыңызды қараусыз қалдыр­маңыздар.
Мал қоралардың толық, тиянақты жабылуына назар аударып, сақтық шараларын қолданыңыздар.
Сонымен қатар, малдарыңызды сырғалап, таңбалап, деректер базасына енгізілуін және құжаттарының сәйкестендірілуін қамтамасыз ету­леріңіз қажет.
Малыңыздың ұрланғаны белгілі болған немесе осындай күдік туған жағдайда дереу полиция органдарына (102 нөміріне) хабарласыңыз.


Қармақшы аудандық
прокуратурасы
03 мамыр 2021 ж. 564 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

№73 (10441)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 532
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 329

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031