» » Қазақы нақыш қашанда сәнді

Қазақы нақыш қашанда сәнді

Өткенге құрметпен қарап, тарихи құндылықтарды көздің қарашығындай сақтау – парыз. Ата-бабаларымыздың кешегісі мен бүгінін, болашақ игі мұраттарын сабақтастыратын баға жетпес асыл қазынаны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде, рухани байлық пен ұлттық жәдігерлерді ұрпақ санасына сіңіруді мақсат еткен Алдашбай ахун ауылдық клуб үйі «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасы бойынша «Креативті HUB» жобасы аясында біршама жұмыс жоспарлаған. Соған орай жуырда қазақ халқының ұлттық өнерін дамыту мақсатында No111 орта мектептің оқушыларымен бірлесе отырып «Ұлтымыздың нақыштары» атты ұлттық ою-өрнектермен таныстыру жұмысын жүргізді.
Басты мақсат – атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде жалғасып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнерімізді кеңінен насихаттау.
«Өнер – таусылмас азық, жоғалмас байлық» дегендей, халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы – ою-өрнектер. Осы тұрғыда оқушылар қолөнер туындыларымен танысты. Өздерін қызықтырған қолөнер бұйымын көзбен көріп, қолмен ұстаған балалар олардың дайындалуы, қандай заттан немесе матадан тігілетіні туралы сұрақтар қойды. Клуб үйінің қызметкерлері ұлттық құндылыққа ден қойған оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Үйренемін деушілерге мүмкіндік көп екенін де жеткізді. Жалпы оқушылардың ою-өрнек жөніндегі таным-түсінігін кеңейткен кездесу болғаны анық.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ

21 ақпан 2024 ж. 500 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930