» » » Ұлттық нақыш ұлықталды

Ұлттық нақыш ұлықталды

  Алдашбай ахун ауылдық клуб үйінің ұйымдастыруымен «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасы бойынша «Креативті HUB» жобасы аясында қазақ халқының ұлттық өнерін дамыту мақсатында №111 орта мектептің оқушыларымен бірлесе отырып «Ұлтымыздың нақыштары» атты ұлттық ою-өрнектермен таныстыру жұмысын жүргізді.
   Басты мақсат – атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде жалғасып, үнемі қолданыста болып, дамып келе өнерімізді кеңінен насихаттау.
   «Өнер – таусылмас азық, жоғалмас байлық» дегендей, халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы – ою-өрнектер. Осы тұрғыда оқушылар қолөнер туындыларымен танысты. Өздерін қызықтырған қолөнер бұйымын көзбен көріп, қолмен ұстаған балалар олардың дайындалуы, қандай заттан немесе матадан тігілетіні туралы сұрақтар қойды. Клуб үйінің қызметкерлері ұлттық құндылыққа ден қойған оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Үйренем деушілерге мүмкіндік көп екенін де жеткізді. Жалпы оқушылардың ою-өрнек жөніндегі таным-түсінігін кеңейткен керемет кездесу болғаны анық.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ


08 ақпан 2024 ж. 959 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031