» » » Облыстан жүлделі оралды

Облыстан жүлделі оралды

"Қызылорда облыстық оқу орталығының” ұйымдастыруымен қолөнер бағытына қызығушылығы бар педагогтердің арасында өткен “Ұлттық қолөнер - бабалар мұрасы” облыстық байқауына Қармақшы ауданының оқушылар үйінің «Құм анимациясы» үйірмесінің жетекшісі Өскелеңов Самат Мұсағалиұлы қатысты. Мақсаты: ұлттық қолөнер жұмыстарын насихаттау, жүзеге асуын қамтамасыз ету. Ұлттық байлығымызды, ата дәстүрімізді дәріптеу, оқушылардың еңбекке, өнерге деген сүйіспеншілігін оятып, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттыру. Байқау шарты бойынша әр қатысушыға ұлттық нақыштағы кәдесый даярлау үшін 15 минут уақыт берілді. Аталмыш байқауда Самат Өскелеңов қазақ халқының зергерлік бұйымдарының бірі бойтұмар дайындады.
Бойтұмар дайындау үшін алдымен мүйізді бір сағат қайнатып, кептіріп, иілгіштік қасиетіне ие болған мүйізді арнайы электрлі құрылғымен мүйіздің бетіне ою ойып, кәдесый жасап, қазылар алқасына ұсынды. Байқауда әріптесіміз Самат Мұсағалиұлы өзінің шебер педагог екенін дәлелдеп, оқ бойы оза шауып, жүлделі І орынды иеленді.
26 ақпан 2021 ж. 1 053 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930