» » Вирусты гепатиттің алдын алыңыз

Вирусты гепатиттің алдын алыңыз

Вирусты гепатит – жұқпалы ауру. Оның барлық түрлерінің ішінде А гепатиті ең жиі кездеседі. Инкубациялық кезеңі науқас ауруды жұқтырған сәттен аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін 7 күннен 50 күнге дейін созылады. Көбінесе аурудың басталу белгілері температураның жоғарылауымен бірге жүреді және тұмауға ұқсас болуы мүмкін.

Фото
Науқаста дене түсінің сарғыштануы, әлсіреу, барлық дененің қышынуы, тәбеттің болмауы, несептің күңгірттенуі, нәжістің түссіздену белгілері болады. А гепатиті — негізінен жеке бас гигиенасын сақтамау салдарынан туын- дайтын ауру. Гепатит вирустары адам ағзасына екі негізгі жолмен түседі. Ауру адам вирусты нәжіспен шығара алады, содан кейін ол басқа адамдардың ішектеріне сумен немесе тамақ арқылы енеді. Дәрігерлер инфекцияның бұл механизмін фекальді оральді деп атайды. Бұл А гепатиті вирустарына тән. Гепатит инфекциясынан қорғау үшін қарапайым ережелерді сақтау керек. Қайнамаған суды пайдаланбаңыз, әрқашан жемістер мен көкөністерді жуып тұтыныңыз. Егер осы айтылған ережелерді сақтансаңыз, бұл гепатит А инфекциясының алдын алуға көмектеседі.
Аудан бойынша өткен жылдың қорытындысымен гепатит «А» аурушаңдылығымен 1 жағдай есепке алынған. Науқас 17 жасар студент, қазіргі таңда емін уақытылы қабылдап сауықты.
А гепатитіне арналған арнайы емдеу шараларын емханаларда инфекционист-дәрігер жүргізеді. Науқас дәрігер тағайындаған ем-домды қабылдап, төсектік режимді қатаң сақтаса, бұл аурудан үй жағдайында да емделуге болады. Науқастардың 85%-нан астамы 3 ай ішінде сауығады. А гепатитімен ауыратын адамдармен байланысқа түскен адамдарға иммуноглобулиндерді енгізу ұсынылады. А гепатитіне қарсы тиімді профилактика, ол вакцинаны уақытылы алу болып табылады. Бұл ауруға қарсы вакцинаның бірінші дозасын енгізуден кейін, 4 апта бойы аурудан қорғай бастайды. Ұзақ уақыт бойы қорғау үшін, бірінші дозаны алғаннан кейін 6 және 12 айдан кейін қосымша күнтізбе бойынша басқа вакциналар- ды алуға болады. Екпе емхананың екпе алу кабинеттерінде тегін қойылады. Егер гепатит ауруларына қарсы, ВГА-ға қарсы үйде егілмеген балаларыңыз болатын болса аурудың алдын алуда, иммунитетті қалыптастыру үшін уақытылы екпе алу қажет. Сіздің денсаулығыңыз – өз қолыңызда.
Баян ЕРКЕБАЕВА,
аудандық санитариялық- эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бас маманы
03 ақпан 2024 ж. 324 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031