» » Вирусты гепатит ауруының алдын алыңыз

Вирусты гепатит ауруының алдын алыңыз



Вирусты гепатит – жұқпалы ауруы. Вирусты гепатиттің барлық түрлерінің ішінде А гепатиті ең жиі кездеседі. Инкубациялық кезеңі науқас ауруды жұқтырған сәттен бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін 7 күннен 50 күнге дейін созылады. Көбінесе аурудың басталу белгілері температураның жоғарылауымен бірге жүреді және тұмауға ұқсас болуы мүмкін. Науқаста  дене түсінің сарғыштануы,  әлсіреу, барлық дененің қышынуы тәбеттің болмауы, несептің күңгірттенуі,  нәжістің түссіздену белгілері  болады.   А  гепатиті негізінен жеке бас гигиенасын сақтамау салдарынан туындайтын  ауру. Гепатит вирустары адам ағзасына екі негізгі жолмен түседі. Ауру адам вирусты нәжіспен шығара алады, содан кейін ол басқа адамдардың ішектеріне сумен немесе тамақ арқылы енеді. Дәрігерлер инфекцияның бұл механизмін фекальды-ораді деп атайды. Бұл А  гепатиті вирустарына тән. Гепатит инфекциясынан қорғау үшін қарапайым ережелерді сақтау керек. Қайнамаған суды пайдаланбаңыз, әрқашан жемістер мен көкөністерді жуып  тұтыныңыз. Егер  осы  айтылған  ережелерді  сақтансаңыз  Бұл гепатит А инфекциясының алдын алуға көмектеседі.
   Қармақшы ауданы  бойынша 2023 жыл қорытындысымен  гепатит «А» аурушаңдылығымен 1 жағдай  есепке  алынды науқас  17 жасар  студент  қазіргі  таңда  емін уақытылы  қабылдап сауықты.
А гепатитіне арналған арнайы емдеу шараларын емханаларда  инфекционист  дәрігері жүргізеді. Науқас дәрігер  тағайындаған  ем домды  қабылдап төсектік  режимді  қатаң  сақтаса бұл  аурудан  үй  жағдайындада  емделуге  болады. Науқастардың 85%-нан астамы 3 ай ішінде сауығады.  А гепатитімен ауыратын адамдармен байланысқа түскен адамдарға иммуноглобулиндерді енгізу ұсынылады. А гепатитіне қарсы тиімді профилактика, ол вакцинаны  уақытылы  аулу болып  табылады. Бұл ауруға  қарсы вакцинаның  бірінші дозасын  енгізуден кейін 4 апта бойы бұл аурудан қорғай бастайды. Ұзақ уақыт бойы қорғау үшін, бірінші дозаны алғаннан кейін 6 және 12 айдан кейін қосымша күнтізбе  бойынша  басқа вакциналарды алуға  болады.Екпе емхананың екпе алу кабинеттерінде тегін қойылады. Егер гепатит  ауруларына  қарсы ВГА қарсы  үйде  егілмеген балаларыңыз  болатын  болса  аурудың  алдын  алуда,иммунитеті қалыптастыру  үшін  алдын  ала  уақытылы  екпе  алуларыңыз  қажет. Сіздің денсаулығыңыз – сіздің қолыңызда ауырмаңыздар ағайын.
Баян ЕРКЕБАЕВА,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
Бақылау басқармасының бас маманы
25 қаңтар 2024 ж. 250 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031