» » Мұздағы қауіпсіздікті ескертеді

Мұздағы қауіпсіздікті ескертеді

Су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді. Күн суытып, қыс мезгілі басталған сәттен-ақ су бетіне мұз қата бастайды. «Жаман айтпай, жақсы жоқ» деген даналықты ұстана отырып, осы тоңның және қыстың қыңыр тосын мінез танытуынан қорғану амалдарын сіздерге ұсынғалы отырмыз.

Мұздың қаттылығын көзбенақ байқауға болады. Егер мұздың түсі көгілдір болса – берік, ақ болса – беріктігі 2 есе аз дегенді білдіреді. Ал егер мұздың түсі ақшыл сұр, күңгірттеу болса, бұл мұздың үстімен жүру тұрмақ, маңайына жоламағаныңыз абзалырақ. Мұз үстіне қас қарайған шақта және ауа райы қолайсыз кезде (тұман, қар, жаңбыр) мүлдем шықпаңыз. Өзеннің арғы бетіне шықпақ ойыңыз болса, өткелмен өтіңіз. Бұл әлдеқайда қауіпсіз. Мұзды аяқпен теуіп тексеруге болмайтынын ұмытпаңыз. Тыйым салынған жерлерде мұз үстімен су айдынынан өтпеңіз. Сондай-ақ мұзға мотоциклмен, автокөлікпен шықпаңыз. Балық аулау кезінде көп шұңқырды қатар қазбау керек, бұл өте қауіпті. Балық аулаған шұңқырларды қоршап немесе белгі қойып кетіңіз, өйткені ол жерлер қармен көміліп, адам өміріне қауіп төнуі мүмкін. Мұз үстінде бір жерде топталып жиналмаңыз. Салмақтан мұз жарылуы мүмкін. Егер төтенше жағдай орын алса «101» немесе «112» нөміріне хабарласыңыз.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлім
29 қаңтар 2024 ж. 184 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 288

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 383

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930