» » Қызылша неге қауіпті?

Қызылша неге қауіпті?

   Профилактикалық екпеден бас тарта отырып, сіз балаларыңыздың денсаулығына қауіп төндіресіз. Мәселен вакцинация алмаған әрбір бала пневмония, энцефалит сияқты асқынуларға шалдығуы мүмкін. Не себепті вакцинация салдыру қажет?
   Кез келген адам қызылшамен ауруы мүмкін, бірақ ол көбінесе балаларда кездеседі. Қызылша тыныс алу жолдарын зақымдайды, содан кейін бүкіл денеге таралады. Симптомдарға дене қызуының жоғарылауы, жөтел, мұрынның ағуы және бөртпе жатады.
   Себебі бұл – қызылшаға қарсы күресудің бірден-бір тиімді тәсілі, иммунитетті көтерудің ең қауіпсіз тәсілі. Өзіңді,жақындарыңды және екпе салынбайтындар санатына жататын басқа адамдарды қорғау үшін. Қазіргі таңда қызылша ауруымен күресу және алдын алу, қызылша ауруының асқынуынан сақтану ол вакцинация екенін ұмытпаған жөн.
   Елдегі қызылша бойынша эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздануына байланысты ата-аналардан балаларының қызылшаға қарсы екпесінің болуына назар аударуды сұраймыз. Естеріңізде болсын, қызылшадан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцинация. Қызылшаға қарсы вакцинациялар қауіпсіз және тиімді. Вакцинация арқылы ұжымдық иммунитет қалыптасады және аурудың таралуына жол берілмейді.
Қаршыға ҚҰРАҚБАЕВА,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау және бақылау бөлімінің жетекші маманы
24 қаңтар 2024 ж. 405 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031