» » Қызылшаны вакцинациямен тоқтатамыз

Қызылшаны вакцинациямен тоқтатамыз


Қызылорда обылысында қызылшадан эпидемиологиялық ахуал қолайсыз болуда. Қызылша - адамдарға тез жұғатын жұқпалы аурулардың бірі. Вакцинациялар қолжетімді болғанға дейін бұл аурудың таралуын тоқтадудың жолы болмады. Адамдар вирус жұқтырған сайын бұрын ауырмағандардың барлығы дерлік қызылша ауруымен ауырған. Олардың көпшілігі соқырлық, ларингит (көмейдің қабынуы), отит (құлақтың қабынуы) кереңдік, (пневмония) өкпенің қабынуы, қызылша энцефалиті (мидың қабынуы) сияқты және т.б. ауыр асқынулардан зардап шекті.
Қызылша тез таралады. Халықта қызылшаға қарсы иммунитеті жоқ адамдардың саны неғұрлым көп болса, әрбір адамның ауруды жұқтыру қаупі соғұрлым жоғары болады. Көбірек адамдар вакцинацияланған сайын, вирус жұқтыратын қорғанысы жоқ адамдарды табу қиындай түседі. Бірақ вирусты жұқтырып алатын адамдар әлі де болса көп және вирустар оларға жылдам жұғады. Қызылшаның алдын алдын алудың ең тиімді әдістерінің бірі вакцинация. Қызылшаға қарсы егу профилактикасына 12-15 айлық балаларға және 6 жастағы балаларға жүргізіледі. Республикада қызылшаның өршуіне байланысты Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы "Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы" номері 7 қаулысы шығарылды. Қаулы негізінде қызылшаға, қызамыққа және эпидемиологиялық паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізілуде. Қызылшаны вакцинациямен бірге тоқтатайық.
Қаршыға ҚҰРАҚБАЕВА,
Қармақшы аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы
(сурет ашық дереккөзден)

25 желтоқсан 2023 ж. 236 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (10392)

05 сәуір 2025 ж.

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 585
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930