» » Тұрақты кеңес отырысы

Тұрақты кеңес отырысы

Өткен аптада аудан әкімі Жандос Еркінбекұлының төрағалығымен тұрақты кеңес мәжілісі өтті. Оның күн тәртібінде екі мәселе қаралып, тыңдалды.
Алдымен «Аудан бойынша қызылша ауруының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы» аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Гүлнар Төлепбергенова баяндады. Қазіргі таңда республикада қызылша ауруы бойынша эпидахуал тұрақталуда. Дегенмен қызылшаға қарсы екпе алмағандар әлі де бар. Қызылша вирустық инфекция болғандықтан, иммундық жүйесі әлсіз адамдарға тез жұғып, өкінішке қарай асқынған дерттің соңы қайғылы жағдайға әкеп соғуда. «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» ҚР бас санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес ауданда өткен жылы қызылшаға қарсы қосымша иммундау науқаны жүргізілген.
Мұнан соң екінші мәселе бойынша «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмыстарының барысы туралы» аудандық аурухананың және Байқоңыр қаласындағы көпбейінді аурухананың бас дәрігерлері Бақытжан Нысанбаев пен Сұлтанбек Кенжебаевтың хабарламасы тыңдалды.
Аудан басшысы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті сала басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдеріне жұмыстарды ширату жөнінде нақты тапсырмалар беріп, жиынды қорытындылады.
«Қт» ақпарат
17 қаңтар 2024 ж. 338 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 064
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 728

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031