» » Қызылша қаупінен екпе ғана қорғайды

Қызылша қаупінен екпе ғана қорғайды

Республика бойынша қызылшаның эпидемиологиялық ахуалы тұрақталуда. Облыс бойынша 2023 жыл қорытындысымен 3741 науқас қызылшаға күдікті жағдайымен тіркеліп, оның ішінде 1682 науқастан қызылша ауруы нақтыланған. Қазіргі таңда ахуал тұрақталғанымен, әлде де екпе алмағандар арамызда кездеседі. Осыған орай аудандық емханада «Қызылша ауруы және оның алдын алу жолдары» тақырыбында брифинг өткізілді. Оған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлнар Төлепбергенова, аудандық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев, бас дәрігердің орынбасары Парида Сарыбаева қатысты.
Спикерлер қызылша ауруы жөнінде бүгінгі күнгі эпидемиологиялық ахуалға тоқталып, аурудың клиникасы жөнінде кеңінен түсіндіріп өтті. –
Қай кезеңде де біз екпені қолдаймыз. Вакцинасы бар аурудан қорықпағанымыз жөн. Себебі тұрақты түрде екпе алған адамда, балада мықты иммунитет қалыптасады. Сол арқылы ол ауру жұққан жағдайдың өзінде жеңіл өтеді. Иә, қызылша вирустық инфекция болғандықтан, иммундық жүйесі әлсіз адамдарға және балаларға тез жұғады. Ауа тамшылары арқылы жылдам тарайды. Өкінішке қарай, кейде асқынған дерттің соңы қайғылы аяқталатын жағдайлар да кездеседі. Ал мұндай жағдайдың алдын алу үшін екпеден бас тартпаған абзал, – деді ауданның бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев.
Сонымен қатар брифингте аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлнар Төлепбергенова аймақтың ахуалымен бөлісті.
– Аудан бойынша қызылшамен ауырған 85 жағдай тіркеліп, оның 29-ы зертханалық зерттеу нәтижесімен расталды. Тіркелген науқастардың 43 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар үлесінде, олардың ішінде 19 жағдайы 1 жасқа дейінгі сәбилер. Қалғандары 14 жастан жоғары жасөспірімдер мен ересектер. Науқастардың 53 пайызы кенттен тіркелсе, қалғандары ауыл-аймақтардан. Кәсіби ерекшелігіне келетін болсақ, басым көпшілігі ұйымдаспаған топ үй балалары және балабақша тәрбиеленушілері, жұмыссыздар, студенттер мен жұмысшылар қатарынан да ауырғандар бар. Аудан бойынша ұйымдасқан ұжымдардан балабақшалар мен мектептерден тіркелді. Тіркелгендердің 33-і бұрын қызылша ауруына қарсы екпе алғандар, 32-сі әртүрлі себептермен егілмегендер (жас толмауы, мед шегініс), 20-сы егу статусы белгісіз (амбулаториялық карточкалары табылмаған). Тіркелген науқастардың үй ошағында немесе ұйымдасқан топ бойынша қарым-қатынастағылардың жалпы саны – 209. Олар медициналық бақылауға алынып, егу статустары нақтыланып, егуден тыс қалғандары егілді. Қарым-қатынастағыларды тексеру барысында 13 адамнан қызылша ауруы анықталып, есепке алынды. 78 науқас толықтай емін алды. Жағдайлары тұрақты. Қазіргі таңда ауруханада – 4, үйінде 2 науқас ем алуда, – деді Гүлнар Төлепбергенова өз сөзінде.
Сонымен қатар еліміз бойынша ҚР Бас санитариялық дәрігерінің «Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» No7 қаулысына сәйкес ауданда өткен жылдың 7 қарашасынан бері қызылшаға қарсы қосымша иммундау науқаны 6-10 айлық сәбилер, 2-4 жастағы балалар, медицина қызметкерлері және 18 жасқа дейінгі екпеден тыс қалған контингенттерге жүргізілуде. Мамандар аудан бойынша егілуге тиістілерден жоспарланғандардың жалпы саны – 4866 болса, бүгінгі күні оның 78,8 пайызы ғана орындалғанын да атап өтті. Ал бас дәрігердің орынбасары Парида Сарыбаева қызылша ауруының алдын алу, егер жұққан жағдайдағы алғашқы әрекеттер мен иммундаудың маңызы туралы ақпараттар берді. Қызылшаға қарсы вакциналар бірнеше жылға дейін сақталатын сенімді иммунитетті қалыптастыратынына басымдық берді.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА

13 қаңтар 2024 ж. 217 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031