» » Қызылша ауруының эпидемиологиялық ахуалы тұрақты

Қызылша ауруының эпидемиологиялық ахуалы тұрақты


Облыста қызылша ауруының жұқтыру көрсеткіші айтарлықтай төмендеген. Нақтырақ айтқанда, 2023 жылдың қараша айында ауруға шалдығудың 501 дерегі тіркелген болса, желтоқсан айында ол көрсеткіш 474 жағдайға дейін төмендеген. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет хабарлады.

-Қызылшаға қарсы вакцинациялау жұмыстарының нәтижесінде, өңірімізде аурушаңдық деңгейі біршама азайды. Дегенмен, екпе егу науқаны тұрғындар арасында тоқтамайды. Әсіресе, 1 жасқа дейінгі және одан жоғары балалардың қызылшаға қарсы екпе қабылдағаны өте маңызды. Сондықтан ата-аналарға айтарымыз, аурудың алдын алуға және иммундық жүйені қалыптастыру үшін уақытылы екпе алуға шақырамыз, - деді Мейрамбек Зинабдинұлы.

2023 жылдың 6 қарашасынан бастап бүгінге дейін 56 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы екпе қабылдаған. Осының арқасында ұжымдық иммунитет қалыптасып келеді.

-Аймағымызда эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандырып, вирус айналымын әлсірету үшін әлі де тиісті контингент екпемен қамтылуы керек. Қазір өңірдегі барлық емханаларда қызылшаға қарсы қосымша иммундау жұмыстары жалғасып жатыр. Екпе қабылдаған азаматтарда асқыну жағдайлары орын алған жоқ. Тағы бір айта кететін жайт, ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес әрбір бала 12-15 айлығында және 6 жасында жоспарлы түрде қызылша, қызамық пен паротитке қарсы вакцина алуы қажет. Сақтық шараларына салғырт қарамай, екпе алу арқылы аурудан қорғануға атсалысайық, - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
10 қаңтар 2024 ж. 285 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031