» » Тәуелсіздік және Тіл

Тәуелсіздік және Тіл


16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қармақшы аудандық әкімдігінің қолдауымен, Қармақшы аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік және Тіл» атты мақал-мәтел сайысы болып өтті. Шараға А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушылары мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қатысты. Сайыс «Менің Қазақстаным», «Рәміздер», «Тіл - алтын қазынам», «Біздің мерекелер», «Есімдер», «Мақал - сөздің мәйегі» атты 6 бөлімнен тұрды. Әр бөлімде тақырыпқа сай сұрақтар беріліп, әр жауапқа бір-бір ұпайдан беріліп отырды.
Шараға қазылық еткен ардагер ұстаз Р.Қаратаева, Орталық кітапхана әдіскері Г.Жанәділова және қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі С.Әлмұратова болды. Нәтижесінде І орынды Е.Сахиев, ІІ орынды С.Бахытбек, ІІІ орынды К.Бауыржан иеленсе, А.Жалғасова "Бас жүлдені" жеңіп алды. Сайыс соңында суырылып алға шыққан оқушыларға Қармақшы аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Д. Ержановтың атынан І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдар мен сый-сыяпаттар табысталып, белсене қатысқан оқырмандар "Алғыс хаттармен" марапатталды.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА


25 желтоқсан 2023 ж. 300 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 617
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 404

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031