» » Тәуелсіздік және Тіл

Тәуелсіздік және Тіл

qarmaqshy-tany.kz Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қармақшы аудандық әкімдігінің қолдауымен, Қармақшы аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік және Тіл» атты мақал-мәтел сайысы болып өтті.
Шараға А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінің 5 сынып оқушылары мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қатысты. Сайыс «Менің Қазақстаным», «Рәміздер», «Тіл - алтын қазынам», «Біздің мерекелер», «Есімдер», «Мақал - сөздің мәйегі» атты 6 бөлімнен тұрды. Әр бөлімде тақырыпқа сай сұрақтар беріліп, әр жауапқа бір-бір ұпайдан беріліп отырды.
Шараға қазылық еткен ардагер ұстаз Р.Қаратаева, Орталық кітапхана әдіскері Г.Жанәділова және қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі С.Әлмұратова болды. Нәтижесінде І орынды Е.Сахиев, ІІ орынды С.Бахытбек, ІІІ орынды К.Бауыржан иеленсе, А.Жалғасова "Бас жүлдені" жеңіп алды.
Сайыс соңында суырылып алға шыққан оқушыларға Қармақшы аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Д.Ержановтың атынан "Алғыс" хаттармен марапатталды
22 желтоқсан 2023 ж. 382 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 992
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 221

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031