» » Сот жүйесіндегі сот мұрағатының жұмысын ұйымдастыру

Сот жүйесіндегі сот мұрағатының жұмысын ұйымдастыру

Бүгінгі күні Қазақстандағы мұрағат тарихының орны ерекше. Мұрағат дегеніміз құжаттық ақпаратты қолдану мақсатындағы құжаттарды қабылдау және сақтауды жүзеге асыратын ұйым немесе оның құрылымдық бөлімшесі. Әрбір мекеме өз функциясын атқару барысында құжаттар жасайды және сырттан басқа да құжаттар келеді. Әрбір күнтізбелік жыл басында  өткен жылдағы іс жүргізу құжаттары мекеменің мұрағатына өткізілуі қажет. Сот жүйесінде қазіргі замандағы технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, бюрократиялық кедергілерді жоюды, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысқа түсуін азайтады. Ал бұл сыбайлас жемқорлыққа қатысты бейімділікті төмендетуге, азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдеуге септігін тигізеді және қолжетімді сот жүйесіне қолжеткізуге мүмкіндік береді.

Мұрағаттың негізгі міндеттері жоғары да аталған құжаттарды жинау, мұрағатта уақытша сақталатын құжаттар құндылығына сараптама жүргізудің сапасын, сақталуын, есепке алынуын және пайдаланылуын қамтамасыз ету және ұлттық мұрағат қоры құрамына жатқызылған құжаттарды мемлекеттік мұрағат мекемесі тұрақты сақтауына дайындау және тапсыру, ұйымдағы іс жүргізу мен мұрағат ісін жетілдіру әдістемелік басшылықты жүзеге асыру болып табылады.

Мұрағат шегіндегі құжаттарды топтастыру қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттық табылмас қайнар көзі бола алады. Яғни сот жүйесінде, ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың, қызмет етуі барысында шығарған түрлі шешімдері, басқару істері, атқарған қызмет іс қағаздарынан айқын көрінеді. Үкіметтің басқару істері жарғы, қаулы, нұсқау, ереже, бұйрық сияхты мұрағат шегіндегі құжаттар арқылы жүргізіледі"
С.Қожабаев,
Қармақшы аудандық сот әкімшісінің  бас маманы

20 желтоқсан 2023 ж. 147 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031