» » Цифрландыру – тиімді жол

Цифрландыру – тиімді жол

Цифрлы технологияларды қолдана отырып, әр азаматтың тұрмысын жақсарту мен қолайлы өмір сүруін қамтамасыз етуде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының рөлі зор. Техника қарыштап дамыған заманда құжаттарды электрондық құжатқа айналдыру қарқынмен дамып келеді. Бүгінде бұл құрал елімізде  халыққа қызмет көрсету саласында ерекше орны бар. Қазір бұл үрдіс архив саласында өзінің оң шешімін табуда.Архивтер қоғамның рухани, мәдени, ғылыми, әлеуметтік-құқықтық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында елдің тарихи-мәдени құжаттық мұраларын сақтайды. Архив қорында сақталған құжаттар – тарихтың қайнар бұлағы, сол себепті де тарихи сананы жаңғыртуда бұл құжаттардың алатын орны зор. Тарих негізінен деректілік пен нақтылықты, шындық пен әділдікті ғана мойындайды. Ал мұндай нақтылық пен деректіліктің қайнар көзі – ол архив қорларында. Архив қызметінің негізгі бағыты – халықтың құжаттық негіздегі жадысы мен естелігін сақтау болып табылады. Бұл ел азаматтарына ретроспективті құжаттамалық ақпаратты оңтайлы түрде алуға мүмкіндік береді.Архивтік құжаттарды цифрландырудағы түпкі мақсаты да осы, құжаттардың түпнұсқаларын бүлдірмей, сол қалпында сақтау және тұтынушыларға жылдам әрі сапалы қызмет көрсету. Өйткені архивтік құжаттарды сақтау және пайдалану барысында құжаттардың тозуы, мәтінінің жойылуы жиі кездеседі. Ақпараттың көптігінен қажетті құжатты қағаз жүзінде іздеп табу көп уақытты алады. Осы мәселелерді шешудің ең тиімді тәсілі – құжаттарды цифрлық форматқа көшіру және электронды архив құру.
2013 жылдан бастап «Қармақшы аудандық архиві» филиалы да сақтауда тұрған архивтік құжаттарды цифрлық нысанға көшіру жұмыстары жүргізілуде.
 Цифрлық форматқа өткізу үшін арнайы жылдамдығы жоғары сканер аппараттары да алынған. Қазіргі уақытта аудандық архивте жылдамдығы жоғары Epson WorkForce DS-860 және Canon imageFORMULA DR-M1060 маркалы сканерлермен жабдықталған. Жоспар бойынша бұл сканерлердің көмегімен күніне 650 парақ, жылына 142350 парақ цифрлық форматқа өткізіледі.
Осы уақытқа дейін аудандық архивтегі 144 қордың 21 қорынан 8402 сақтау бірлігі, оның 1087594 парағы цифрлық форматқа өткізілді.
Бүгінде еліміздің барлық архивтеріне мемлекеттік сақтаудағы құжаттар цифрлық форматқа көшірілуде. Бұл дегеніміз – цифрландыру жүйесінің архив саласында мамандарға уақыт үнемдеуге, құжаттарды сақтауға, сұраным берушілерге қолжетімділікті арттыруда тигізетін пайдасы зор құрал болып табылады.
Аида АМИЛАЕВА,
«Қармақшы аудандық архиві» филиалының     
ақпараттық-технологиялар жөніндегі инспекторы
20 маусым 2023 ж. 291 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 477

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 549

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031