Сот кабинеті сот жүйесіне қолжетімділікті нығайтуда
Сот кабинеті – бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналатынын, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған.
Осы сервистің негізгі ерекшелігі азамат, оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кез келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ Интернет желісі арқылы сот құжатын, сондай-ақ істегі мәртебесін қарай алады және сот актісін басып шығара алды.
Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығында электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет.
Сот кабинеті сервисі арқылы заңды тұлғалардың мемлекеттік баж төлеу мәселесі шешімін тапты, жеке тұлғаның төлем карточкасы арқылы бажды төйлеу, сондай ақ төлем құжатының сканерден өткен көшірмесін беру мүмкіндігі бар.
«Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен танысу» электронды сервистері Жоғарғы соттыңwww.sud.kz ресми сайтында іске қосылған. Аталған қызметтерді электронды цифрлы қолтаңбасы бар азамат тұтына алады.
Астана қаласы Алматы аудандық сотында «Сот кабинеті» тақырыбы бойынша әрқашан дөңгел үстелдер,семинар сабақтары өтеді. Сонымен қатар, соттың судьялары жоғарғы оқу орындарында және де басқа мекемелерде аталып өткен тақырып бойынша дәріс және семинар сабақтарын өткізеді. Сол іс-шараларда азаматтарға аталып өткен сервиспен қалай қолдану керек екендігі айқын көрсетіліп өтеді.
Қазіргі таңда біздің сотқа заңды тұлғалардан келіп түсетін талап арыздар 100 пайыз электронды түрде түседі. Ол соттың да, сотқа жүгінген тұлғалардың да уақыты мен жұмысын азайтады. Мысалыға келтіретін болсақ, азамат, немесе оның заңды тұлғасы өзінің уақытымен қаражатын кеткізбей, үйінен талап арыз жіберсе, ол электронды түрде соттың базасына түседі. Сот қызметкері дайын электронды түрде түскен арызды тіркейді. Ол үшін ол құжаттарды сканерден өткізіп, базаға салып жатпайды, өйткені олардың барлығы дайын түседі.Айтып өтетін жай, ол сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтады, және сыбайлас жемқорлыққа бейімділікті азайтуға ықпал етеді.
Бұған қоса, Жоғарғы Соттың және жергілікті соттардың сайтында «Сот құжаттарымен танысу» сервисі іске қосылған. Аталған сервис сот өндірісінің жеделдігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының сайтындағы электронды сот құжаттарымен танысуға мүмкіндік береді. Сотқа жүгінген азамат талап арызы тіркелгені туралы талон алады, бірнеше күннен кейін оның ұялы телефонына оның арызы бойынша сот құжаты шыққаны туралы хабарлама келеді. Бұл ретте азаматтар сот құжатын алуға сотқа барып уақытын кетіріп, қаражатын шығындап, әуреге түспейді.
Сот жүйесінде қазіргі заманғы технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, бюрократиялық кедергілерді жояды деп есептеймін.
А.Мырзағұлова
аудандық соттың
бас маманы