» » Бала тәрбиесі – ортақ міндет

Бала тәрбиесі – ортақ міндет


qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлының қатысуымен Қармақшы аграрлық-техникалық колледж студенттерінің құқық бұзушылық әрекеттерінің алдын алу, болдырмау мақсатында кеңейтілген мәжіліс өтті.

Мәжіліске аудан прокуроры, аудандық полиция бөлімінің басшысы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық білім бөлімінің басшысы, аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары, аудандық қоғамдық даму бөлімі, жастар ресурстық орталығы және ата-аналар қатысты.

Аудан әкімінінің орынбасары жиын барысында басқосудың мән-мазмұнына тоқталып, қазіргі таңда, жасөспірімдер арасында қылмыстың жасалуы жиі кездесіп жатқандығын және жастардың арасында қылмыстың көп жасалуына отбасындағы берілген тәрбиеге, ата – ананың балаға көңіл бөлуіне тікелей байланысты екендігі жөнінде сөз қозғады.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі. Жастарды заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке бағыттап, өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, қылмыстылыққа жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет. Мұндай жауапты жұмысты ата-аналар сезініп, сергек қарағанда ғана нәтиже болады, – деді Ж. Ерқосаев.

Сондай-ақ, бала тәрбиесі туралы орамды ойларын айтқан жиын қатысушылары «Отан – отбасынан басталады», «Әкенің тәрбиесін жүз мектепте бере алмайды» деген қанатты сөздерді жандандырып, жастардың тәрбиесінде отбасындағы тұрақтылық пен берекенің ерекше екенін айтып, назар аудартты.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

14 желтоқсан 2023 ж. 699 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 137

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 492

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930