» » Әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі мен қызметі

Әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі мен қызметі

qarmaqshy-tany.kz Бүгінгі күні еліміздің дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қызмет жүйесіне ерекше назар аударылып келеді.
Осының негізінде, 2015 жылы мамыр айында «Ұлт Жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның алғашқы бөлімі «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» бөлімінен бастау алды. Ұлт Жоспарының 12-қадамында: «Жаңа этикалық ережелерді енгізу. Мемлекеттік қызметтің жаңа этикалық кодексін жасау. Этика жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізу» жөніндегі тапсырмасы аясында 2016 жылдан Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымы енгізілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы желтоқсанда «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы шықты. Бұл Жарлықта мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдықадамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі және Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ереже бекітілді. 2022 жылдың ақпан айында Президент Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі жаңа редакциясы қабылданды.
Әдеп жөніндегі уәкіл дегеніміз – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші болып табылады.
Бүгінгі күні Қармақшы ауданы әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдар бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл міндеті аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелген. Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде бекітілген қағидаға сәйкес жұмыстар үнемі атқарылуда.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп келеді.
Қармақшы ауданы әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілердің штат саны 138 бірлікті құрайды. Оның 1 саяси мемлекеттік қызметші және 137 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері. Мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 137 адам, оның ішінде 52 әйел азаматшалар. Басшы лауазымдағы әйелдер саны – 3. Нақты қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілердің 98 пайызы жоғары білімді.
Аудандағы 27 мемлекеттік қызметші 35 жасқа дейінгі жастар.
Мемлекеттік қызметшілердің 136-сы қазақ ұлтының өкілдері, қалған 1 мемлекеттік қызметші өзге ұлт өкілі.
Әдеп жөніндегі уәкілдің 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы жүйелі түрде атқарылуда. Бүгінгі күнге дейін мемлекеттік қызметшілер мен жеке және заңды тұлғаларға 35 консультациялық көмек көрсетілсе, Әдеп кодексі және Мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша 42 семинар өткізілді. Ағымдағы жылы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері орын алған жоқ.
Сондай-ақ, мекемелердегі моральдықпсихологиялық жай-күйін анықтау мақсатында осы жылы 3 мәрте мемлекеттік қызметшілерден анонимді сауалнамалар алынды. Қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар енгізілді.
Жергілікті басылымдарда, аудан әкімдігінің ресми-интернет ресурсында Әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен өткен жиналыстар туралы мәліметтер орналастырылуда.
«Қармақшы ауданының әкімдігі» әлеуметтік желісіндегі «Facebook» ресми парақшасында да ақпараттар мерзімінде жариялануда. Әлеуметтік желіде халықпен кері байланыс орнату, жұмыстарды ашықтыққа, күнделікті бақылауға алынды. Биылғы жылдың қараша айында «Facebook» әлеуметтік желісінің уәкілдің жеке парақшасында тұрғындармен тікелей бейне байланыс ұйымдастырылып, желі пайдаланушылардың сұрақтарына заң аясында жауаптар берілді.
Қазіргі таңда Қармақшы ауданы әкімдігі ғимаратында «Скуд» жүйесі толық орнатылуда. Бұл жөнінде аудан әкімі аппаратының кадр қызметі (персоналды басқару) бөлімі арқылы мерзімінде «Скуд» жүйесі бойынша аппарат қызметкерлерінің жұмыс орнына уақытылы келіп кетуіне мониторинг жүргізіліп, жұмыс режимін бұзу фактілері орын алған жоқ.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың ашық қызметін қамтамасыз ету бағытында «Open space» яғни, «Ашық кеңістік» форматы бойынша жұмыс жасау тәжірибесі ауданымызда жүзеге асуда.
Бүгінгі күні аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимараты, аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі және аудандық «Мансап» орталығы ғимараты «Ашық кеңістік» форматына көшірілген.
Сонымен қатар, аудан әкімі аппаратына қарасты 20 мемлекеттік мекемемен 51 қызмет түрі ұсынылады. Есепті мерзімде аудан әкімі аппаратымен және оған қарасты 5 аудандық бөлім, 2 кент, 12 ауылдық округі әкімі аппаратымен 19 665 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қызмет сапасына шағымдану және қызметтің мерзімі бұзылу жағдайы орын алған жоқ. Ағымдағы жылы 11 айдың қорытындысымен аудан бойынша электронды көрсетілген қызметтің жалпы үлесі жоспардағы 80,0 пайыздың орнына 88,2 пайызға орындалды.
Аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдар ішінен 19 мекеме «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышымен» қамтылған. Тиісті мерзімде аталған бұрыштар арқылы мекеме мамандарының сүйемелдеуімен тұрғындар тарапынан 5362 қызмет алынды.
«Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы №358 қаулысының №4 Үлгілік базалық бағытының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту» жобалар тобы бойынша ағымдағы жылға атқарылатын іс-шаралар жоспары бекітілген. Аталған жоспарға сәйкес, тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мағынадағы есепті мерзімде 3 видеоролик әлеуметтік желілерге жарияланып, Жосалы кенті орталығындағы LED экран арқылы көрсетілді. Сонымен бірге, Қармақшы ауданы әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдардағы «Facebook» әлеуметтік желісіне тұрақты түрде жарияланып келеді.
Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 6 рет кездесу ұйымдастырылды.
Әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл бойынша 7 рет оқыту шаралары өткізілді.
Сондай-ақ, соңғы 3 жылда аудан бойынша сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар орын алмады.
Жыл басынан бері аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілерді Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің «Арнайы есепке алу» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын бұзу фактілерін және басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізіліп отырылады.
Бүгінде ауданымыздағы аянбай еңбек етіп жүрген мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді көтермелеу бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп, марапаттау жұмыстары атқарылып келеді.
Е.БЕКЕНОВ
«Қармақшы ауданы әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы – Әдеп жөніндегі уәкілі
10 желтоқсан 2023 ж. 421 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 294

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 390

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930