» » Әдеп кодексінің нормалары түсіндірілді

Әдеп кодексінің нормалары түсіндірілді

Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Ж. Ерқосаев аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормалары мен тәртібін сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын өткізді.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексі халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлқының алдын алуға бағытталған.

Әдеп жөніндегі уәкіл Жұлдызхан Байназарұлы қызмет барысында этика, әділеттілік, сыпайылық және азаматтар мен әріптестер арасындағы қарым-қатынастың дұрыс болуы мемлекеттік қызметшілер мен келісім –шаррт бойынша жұмыс жасайтын мамандардың басты міндеттерінің бірі екенін ескертті.

Сонымен қатар онлайн форматында өткізілген жиында Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген азаматтар қызметте және жұмыстан тыс уақытта мінез-құлқының негізгі ережелерінің нормаларын сақтау мәселелерін қозғады.

Сондай-ақ, мамандардың назарын мемлекеттік қызметтің әлеуметтік желілерде беделін түсіретін әрекеттерге бармауына жол бермеу керек екенін атап өтті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

02 сәуір 2021 ж. 856 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 876
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 536

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930