«Жастардың құқығы мен жауапкершілігі»
qarmaqshy-tany.kz Елімізде жасөспірімдер қылмысы жылдан-жылға көбеймесе, азайған жоқ. Қылмысқа баратын жасөспірімдер – отбасының жағдайы нашар, тәрбие көрмеген, жүгенсіз кеткен балалар. Осы орайда бала тағдырына жауапты ата-ананың салғырттығына балалар қылмысына жол ашқанын аңғару қиын емес. Әр балаға әке-шешесі тиісті дәрежеде көңіл бөлсе, балалар тарапынан орын алатын қылмыстық істердің алдын алуға болады. Өйткені отбасындағы келеңсіз жағдайлар балаға теріс әсерін тигізбей қоймайды.
Осы орайда, ауданымыздың білім бөлімінің ұйымдастыруымен С.Есқараев атындағы №27 орта мектебінің 9-10-11 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуге: аудандық прокуратурасының аға прокуроры С.Абдулғазиз, Қармақшы аудандық полиция бөлімінің ЖПҚб-нің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны А.Касимова, ювеналды полиция тобының УПИ-ры полиция аға лейтенанты М.Жұбатқанова, ата-аналар комитетінің төрағасы А.Қаракөзиев, жыраулар үйінің директоры А.Ешбаева және Қазақстан Республикасының Дзюдо күресінің спорт шебері Е.Жақсыбековтар қатысты. Кездесу барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу, есірткі қылмысы, буллинг, жастардың құқықатыр мен жауапкершіліктері, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, республика көлемінде өтіп жатқан «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн белсенділік» атты республикалық акциясы туралы хабарлама жасалды.
Қармақшы ауданының полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы