» » Өмірдің ең қызықты шағы

Өмірдің ең қызықты шағы

qarmaqshy-tany.kz МЕНІҢ ЕСІМІМ – АРУЖАН. МЕН БАЙҚОҢЫР ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ «ТУРИЗМ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША БІЛІМ АЛЫП ЖАТЫРМЫН. МЕКТЕП ҚАБЫРҒАСЫНДА 9 ЖЫЛ ОҚЫП, ЖАҢА ӨМІР ЖОЛЫН БАСТАҒАН ӘРБІР ЖАС СТУДЕНТ ҮШІН КОЛЛЕДЖДЕГІ БІЛІМ ҮЛКЕН БІР БЕЛЕСТЕЙ БОЛЫП КӨРІНЕДІ.

Жалпы адам өмірінің ең қызықты шағы – жастық шақ дейді. Соның ішінде студенттік жылдармен тұспа-тұс келген шақ та ерекше болса керек. Неге? Себебі адамның өмірлік кәсібін, өз мамандығын меңгеріп, арманына жол бастайтын, кейбір жастардың махаббатын не шын досын тауып жататын уақыт емес пе бұл? Дәл солай мен де өзімнің осы 3 ай уақытымда көп нәрсеге ие болдым деп ойлаймын. Колледжге келгелі колледжішілік бірнеше ісшараға қызыға әрі белсене қатыстым. Оқу орны менің ішімде бұғып жатқан талантымды ашқандай. Мұндағы әр мұғалімнің, достарымның алар орны ерек.
Студенттік өмір – бұл кезең жоғары оқу орнында немесе колледжде білім алған әрбір адамның өміріндегі ұмытылмас шағы. Жастық таусылмас күш-қайратқа толы, өмірге деген құштарлық, ғылым мен әлемді танудың ең шарықтау кезеңдерінің бірі. Бұл кез келген жан үшін тәтті, жылы және ең қызықты сәттерді басынан кешірген кезі деп айтсам, қате болмас. Себебі, студенттің арманы, мақсаты, қызығушылығы мен тыныс-тіршілігі адамдарға әрқашан да жақын.
Аружан НҰРҒАЛИЕВА
15 қараша 2023 ж. 461 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031