» » Жоғары білім – мүмкіндіктер ордасы

Жоғары білім – мүмкіндіктер ордасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – білім мен ғылымның орталығы, жоғары білім беруде көш бастайтын бірегей оқу орны. Еліміздің білім деңгейі мен ғылым саласына, қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан 85 жылдан аса тарихы бар қара шаңырақ.
Әрбір түлек мектепті бітіретін уақыт аралықта кім болғысы келетіні жайлы көп ойланады. Мен де дәл сондай күйден өткен болатынмын. Таңдау пәнім болса да қандай маман иесі атанғым келетінін шешпеген кезім еді. Сол кезде әрбір мектеп бітіруші секілді әлеуметтік желіні, ғаламторды ақтарып, қандай мамандықтар бар екенін және алған балыма қайсысы сәйкес келетінін қарай бастадым. Ізденгенімнің пайдасы мені енді ғана дамып келе жатқан әлеуметтік жұмыс мамандығымен таныстырды. Өтініш берудің соңғы күні әлФараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі әлеуметтік жұмыс мамандығын белгілеп, бағыма орай соған түскен болатынмын.
Бастапқыда «Бұл қандай мамандық?», «Бұл мамандық бойынша қандай қызметтер атқаруға болады?», «Таңдауым дұрыс болды ма?» деген сұрақтар көп мазалаған болатын. Дегенмен, университетке алғаш барған күннен кураторымыз Сұлтанқожа Әмитов университетті, кафедраны, сондай-ақ мамандықты толығымен таныстырды. Әлеуметтік жұмыс мамандығы университеттің «Философия және саясаттану» факультетінің «Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс» кафедрасында оқытылады. Факультет тарихы 1947 жылы «Психология және логика» кафедрасының ашылуы мен 1949 жылы С.Киров атындағы ҚазМУ-дің «Философия және экономика» факультетінің құрылуынан бастау алады. «Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының 30 жылдық өзіндік тарихы бар. 2008 жылдан қазіргі уақытқа дейін кафедраға социология ғылымдарының докторы, профессор Гүлмира Серікқызы басшылық етуде. Оның қалыптасуы мен дамуында М.Садырова, Ш.Жаманбалаева, Г.Әбдікерова, Н.Шеденова және тағы басқа ғалымдардың орны бөлек. Факультетке философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Б.Мейрбаев декандық еді.
Әлеуметтік жұмыс – қиын өмірлік жағдайларға тап болған адамдар мен топтарға, олардың психоәлеуметтік оңалтуы мен интеграциясына көмек пен өзара көмек ұйымдастыру жөніндегі кәсіби қызмет. Жалпы алғанда, әлеуметтік жұмыс – бұл күрделі әлеуметтік құбылыс, ғылыми-практикалық білімнің тәуелсіз саласы, кәсіп және оқу пәні. Әлеуметтік жұмыс мамандығын оқу барысында мен бөгде адамның көмегінсіз өзінің өмірлік проблемаларын шеше алмайтын адамдарға әлеуметтік-тұрмыстық көмек, әлеуметтік-ақпараттық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-оңалту, медициналық-әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік педагогикалық және өзге де қызмет түрлерін көрсетуді оқып, үйрендім. Сонымен қатар, әлеуметтік қорғау (жұмысшыларды, жұмыссыздарды, көпбалалы отбасы), қызмет көрсету, халыққа әлеуметтік-медициналық қызметтерді көрсетуді төрт жыл ішінде толық меңгеріп шықтым. Бұл алған білімім тәжірибеде көп көмегін тигізуде.
ҚазҰУ – талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған жоғары білім ордасы. Сыйластық пен шынайы достықтың ортасы. Адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін ошақ. Сол себепті де, мен осында оқып жүргендігімді ең үлкен сәттілік деп санаймын.
А.АТАХАНОВА,
4 курс студенті
09 наурыз 2023 ж. 203 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 300

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 397

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930