» » Мен өмірді сүйемін!

Мен өмірді сүйемін!

qarmaqshy-tany.kz «Өмір ғажап сүре білген адамға», – демекші, әр адам өз өмірін өзі жасайды. Барлығы өз қолында, себебі сіз қандай өмірді таңдасаңыз әрі қарай да солай жалғасып кете береді. Өмір өз ағымымен әкетпейді, тек сіз бағытты басқарасыз. Өмірге деген көзқарас, құштарлық барлық жанда болуы керек. Өйткені, өмір сонысымен мәнді. Әр сәттен ләззат алып, осы кезбен өмір сүре білу қажет. Менің өмірге деген құштарлығым шексіз. Солай жалғаса береді де. Оның құпиясы – менің өмірімдегі барлық жағдайға, өткізген әрбір күніме, мендегі барға шүкіршілік етуімде. Жай ғана осы сәттегі бар дүниеге көңілдің толуы. Осындай қарапайым ғана тәсілмен мен өз құлшынысымды арттырып отырамын. Барлық адам өмірдің соншалықты қымбат әрі бір рет берілетінін біле тұра неге кейде мұңға батып, құлшынысы таусылады? Оның түрлі себептері бар, бірақ шығар жол біреу ғана, жай өзіңмен-өзің жалғыз қалып ойлану. Кей адамдар өздерін әлде кіммен салыстырып, өміріне көңілі толмай жатады. Олай жасау қателік. Себебі, әр адам бір тұлға, ерекше жаратылыс емес пе? Барлық адамда кемшілік болады, мүмкін ол артықшылық шығар, бірақ бұл қалыпты жағдай. Егер өз өміріңізге көңіліңіз толмаса, онда тек жақсы жаққа ұмтылуға тырысыңыз. Өмірде неше түрлі адам бар ғой, қалыпты адамдардан бөлек, ерекше. Тіпті солардың өздерінде өмірге деген құлшынысы керемет. Неге онда құлшынысымызды арттырмасқа?
Мен өмірге деген құлшынысымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Ойлап қарасаңыз бәрі қарапайым, бір қарап жымиып күлу секілді. Тек оған назар аудару керек. Мотивация жетпей ме, онда сізден де басқа қаншама адамның түрлі жағдайларын ойлаңыз. Менде кейде солай өзіме мотивация беріп қоямын. Қанағатшылдық жанды семіртеді. Өмірге деген құлшынысымның артуы үшін бәрін жасаймын. Жақсы нәрселерді ойлап, табиғат аясына шығып, серуендеп, сүйікті хоббиларыммен айналысамын. Қарбалас күндерден демалып, өзім қалаған тағамдарды дайындап, жаңа инсайттар алып, барынша өмірімді жақсартуға тырысамын. Осының барлығы менің құлшынысыма әсер етеді. Басқа жандарға да осылай жасауға кеңес берер едім. Өміріміздегі әрбір күніміз бізге берілген мүмкіндік. Өмір бағындағы гүлдердің ішінен жағымды иісімізбен, артта қалдыратын еңбегімізбен ерекшеленейік. Сабақ алып, алға үлкен үмітпен қарайық. Сондықтан бақытты да баянды өмір сүрудің кілті – өзіміз. Біз қалай өмір сүреміз, нендей әрекет жасаймыз соның бәрі өз өміріміз үшін жасалуы қажет.
Өміріңіз өз қолыңызда, соны ұмытпаңыз!
Құндыз ҚОЖАҚОВА,
аудандық аграрлы-техникалық колледжінің психологі
02 наурыз 2023 ж. 11 201 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 262

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 361

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930