» » Ақ тілекке толы жүздесу

Ақ тілекке толы жүздесу

qarmaqshy-tany.kz Байқоңыр қаласындағы №275 орта мектебі «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын сақтау, дамыту, байыту, олардың негізінде жас ұрпақтың дүниетанымында жалпы адамзаттық құндылықтарды сіңіру, ұлттық өнерді дәріптеуді мұрат еткен.
1 тоқсан «Ақындар айтысы» жобасы бойынша «Ақын – елдің ардағы» тақырыбында мектептің «Айтыс» үйірмесінің жетекшісі Айнаш Сүлейменова, музыка пәні мұғалімі Күлмараш Нарманова және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Назым Әбдікәрімнің ұйымдастыруымен 9,10-сынып оқушылары және мектеп парламенті мүшелерінің қатысуымен жергілікті ақын Балдай Калиянқызымен кездесу кеші өтті.
Кешке «Ұстаз ұлағаты», «Еңбек ардагері» төсбелгілерінің иегері, ақын апайымыз Балдай Калиянқызы естеліктерімен бөлісті. Ақынға оқырмандар тарапынан сұрақтар қойылып, сыр-сұхбат кеші әдемі әсерге толы болды. Рухани кеште «Оқуға құштар» жобасы аясында ақынның өлеңдері оқылып, күй тартылып, ән шырқалса, «Айтыс» үйірмесінің 10 «ә» сынып оқушысы Әділет Алиев ақын шығармашылығынан «Арнау» әнін тарту етті.
Кеш қонағы өзінің өлеңдерінің шығу тарихымен таныстырып, өлеңдерін оқып, домырамен ән шырқап берді. Соңында естелікке суретке түсіп, оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады.
К.САРЫМСАҚОВА,
№275 орта мектеп директорының тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары


31 қазан 2023 ж. 444 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 070
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 731

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031