» » Сіздің пәтеріңіз жанған жағдайда не істеу керек?

Сіздің пәтеріңіз жанған жағдайда не істеу керек?

Фото
Өрт сөндірушілер біріншіден 101-ге қоңырау соғып, балаларды және қарттарды шығарып, тек содан кейін өз күштерімен отты сөндіруді ұсынады. Бірақ әрекет ету вариантын орнында таңдауға болады, ал біз нақты техникалық сұрақтарды қарастырайық. Егер теледидар жанса, оны бірден электр желісінен сөндіріп тастау керек, содан кейін ғана артқы жағындағы желдеткіш тесіктерінен (бір жағында тұрып) сумен сөндіру керек, немесе от басқа заттарға тарамау үшін (мысалы перделерге) қалың көрпемен жауып, суға немесе өрт сөндіргішке жүгіру керек. Егер кинескоп жарылса, онда улы түтін қауіпті, сондықтан бөлмеде өзіңіз дем алмаңыз және басқаларға, әсіресе балаларға, ескертіңіз. Теледидарды перделерден 70-100 см кем емес ара қашықтықта орналастыруға кеңес береміз, оның үстіне жанғыш заттарды қою қауіпті. Розеткаға кедергісіз жол болу керек. Тағы бір маңызды шарт: егер теледидар бұзылған болса - әсіресе ол шытырласа, жанған резеңкенің иісі шықса, кенет өшіп қалса – ол өзімен өзі кетеді деп үміттенбеңіз. Тез теледидарды сөндіріп, шеберді шақырыңыз.
Егер өрт пәтеріңіздің ішінде басталса, және сізде өрт сөндіргіш болмаса, қол астындағы тығыз матаны (сулы жақсырақ) және суды пайдалануға болады. Жанған перделерді жұлып тастап, аяғымен басу немесе ваннаға тастап, су құю керек. Осылай көрпелерді, жастықтарды сөндіруге болады. Терезелерді ашпаңыз, оттектің келуімен от одан да қатты жанады. Сондықтан жанып жатқан бөлмені абайлап ашу керек – от өзіңізге қарсы лап етуі мүмкін. Тоқ соғудан аман болу үшін, электр сымын сөндіру немесе су құю кезінде электрді сөндіріңіз. Пәтердегі өртті сөндірген соң, ештеңе бықсып жатпағанын тексеріңіз.
Бірнеше маңызды ескертпе: өртте адамдар оттан емес түтіннен өлетінін статистика көрсетеді. Кейде түтінді бірнеше рет жұту улануға жеткілікті. Сондықтан отты сөндіру кезінде барлық әдістермен түтіннен қорғаныңыз, ал егер ол мүмкін болмаса – жанған бөлменің және пәтердің есігін жауып, пәтерден шығыңыз.
Пәтерде ешкім қалмағанын біліп қана пәтерден шығыңыз. Әсіресе балаларды қарау керек: қорыққаннан олар шкафтардың ішінде, үстел, төсек астында, ванна, әжетхана бөлмелерінде тығылып, дауыс бермейді. Түтінделген бөлмеде жылжығанда өзіңіздің үйіңізде де адасып қалуыңыз мүмкін – осы қауіпті есте сақтаңыз. Сулы шүберектен демалыңыз. Мүмкіндік болса - өкпеңізді газқағармен немесе респиратормен қорғаңыз. Бірақ бөлмедегі оттектің мөлшері тез азаятынын ұмытпаңыз, газқағардан да есіңізден танып қалу мүмкін. Түтінделген дәліздерден еңбектеп немесе жорғалап өтіңіз – төменде түтін азырақ болады. Артыңыздан есіктерді жауып жүріңіз. Адамдарды іздеуге арқанмен байланып шығыңыз, сізді біреу сақтандыру керек.
Н.Рахымбаев,
Қармақшы ауданының Төтенше
жағдайлар бөлімінің инженері а.қ  аға лейтенанты
20 қазан 2023 ж. 319 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031