Топ-баннер
Топ-баннер2
» » Дарынды балалар-жарқын болашақтың бастауы

Дарынды балалар-жарқын болашақтың бастауы

qarmaqshy-tany.kz Бала дегеніміз – болашақ. Балаларды қалай тәрбиелесек, болашағымыз да солай болмақ.
Келешегіміздің қожасы балаларды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу - біздің қолымызда!

Осы орайда аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиева биылғы жылы ашылған дарынды балаларға арналған №284 мектеп-лицей интернатында болып, мектеп интернатының тыныс-тіршілігімен танысып, ондағы мақсаты биік оқушылармен жүздесті.
Сонымен қатар бас ұстаз білім беру ұйымының базасында өткізіліп жатқан жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы Республикалық география пәнінен Ұлттық олимпиадасының І аудандық кезеңінің жүргізілу барысын бақылады.

Сондай-ақ жаңаша үлгіде жабдықталған білім ордасының материалдық техникалық базасын аралап, білім ордасы білім алушылар үшін қашанда тәрбие мен оқытудың заманауи озық үлгісін көрсетуде аудан мектептерінің алдыңғы қатарында болу керектігін ескертіп, мектеп басшылығына тиісті тапсырмаларын жүктеді.

18 қазан 2023 ж. 604 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031