» » Ойын ой өсіреді

Ойын ой өсіреді

  

      Қазақ халқы мәдени мұраларға бай халық екендігіне сөз жоқ. Сондай бір қомақты дүниелер қатарына ұлттық ойындарды да жатқызамыз. Халқымыздың өмірде дені сау, шыныққан балалар тәрбиелеу жөнінде кейінгі ұрпақтарына қалдырған бай мұрасы – ұлттық ойындар. Балалар ұлттық ойындар үстінде өнеге алып, мінез қалыптастырады, өзіндік ерекшелік қасиетін айқындай бастайды. Тәрбиеші ұлттық ойын үстінде әр баланың игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбітуге, өзіндік мінез-құлқын қалыптастыруға аса көңіл бөлгені жөн. Осындай жауапты міндеттердің баянды болуы үшін егеменді еліміздің ертеңгі қажетін өтерлік – жерін, елін сүйетін, адамгершілік қуаты мол, білімді, парасатты, ана тілін, ата-баба салтын бойына сіңірген, оны қастерлей білетін азамат өсіруде ұсынатын ең басты құралымыз ұлттық ойындар.
     Адам бойындағы әдептілік, инабаттылық қасиеттер бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Бала ойын арқылы дүниені танып, түсінігі арқылы қабылдап, ересектерге еліктей жүріп үйренеді, өз бойына қабылдайды. Қай елдің ұлттық ойыны болсын, сол елдің қоғамдық идеолоrиясына, тұрмыс­тiршiлiгiне, айналысатын кәсiп-шаруашылъқ ерекшелiктерiне байланысты. Сырттай қарағанда оңай тәрiздi көрiнген ойын бала үшiн ic жүзiнде күрделi нәрсе. Айталық, ойынға қатысатын балалармен тiл табысу, ұнамсыз рөл тигенде өзiн ұстай бiлу сияқты нәрселердiң көп мәнi бар. Сондықтан тәрбиешi балаларға ұлттық  ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Сондай жағдайда ғана ойын өз мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі.
Тәрбиешi ұлттьқ ойын арқылы әр баланың игi бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттердi өрбiтуге ықпал етсе ғана баланың өзiндiк мiнез-құлқын қалыптастыруға қол жеткізедi. Әр баланың бойында өмiрге деген белгiлi бiр бейiмдiлiгi, жаны қалайтын қызығушылығы болады. Соны дер кезiнде байқап, жан-жақты дамыта тәрбиелеуге көңiл бөлген ата-ана да, тәрбиешi де көп нәрсе ұтады. Баланың бойындағы қандай да болсын қасиеттер қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты екенi белгiлi. Өйткенi бала өмiрде көрrенiн, ойға түйгендерiн қайталайды. Үлкендердiң мейiрiмдiлiгi сәби жүрегiн қуанышқа бөлейдi. Үнемi мейiрiм мен ықыласқа бөленген сәбидiң мiнезi жұмсақ, қайырымды, кiшiпейiл болып өседi. Қатал мiнез айналасындағылардың қатыгездiгiнен пайда болады. Сондықтан неғұрлым жақсылыққа меңзейтiн ұлттық ойындар қоғамның даму заңдылықтарына сәйкес әр кезде жетiлдiрiп отырады. Балабақшаның әр тобындағы балалардың жас ерекшелiктерiне сай ұлттық ойындардьң тәрбиелiк мәнi жайлы мәселе өз құндылығын жойған жоқ, керiсiнше жаңа қырынан көрiнiп отыр. Ойын еш уақытта да дамудың бiр сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, қайта жетiле түседi. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, ойнату ici деп қарамай, жас ерекшелiктерiне сай олардың көзқарасының, мiнез-құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған. Ендеше адамдыққа баулу жұмысының ережесi ерте бастан – балабақшадан бастап нақтылы мақсатты көздеуi шарт.
Балалардың рухани дуниесiн байыта отырып, жаңа озық тәжiрибелерiн дер кезiнде насихаттап, оларды бойына дарыту – тәрбиеші-педагогтардың міндеті.
Расима ЖАНҰЗАҚҚЫЗЫ,
№17 «Алақай» санаториялық бөбекжай-бақшасының
психолог-тәрбиешісі,
Ақай ауылы
08 қазан 2023 ж. 223 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 245

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 347

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930