» » Артына өшпейтін із қалдырған

Артына өшпейтін із қалдырған

qarmaqshy-tany.kz Аудан тарихында, оның ішінде басқару ісінде ойып орын алатын айтулы тұлғаның бірі – Көмекбай Қаракөзов. Ол Қазалы, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарын басқарумен қатар, 1953-1961 жылдары аралығында Қармақшы аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып абыройлы қызмет атқарды.
Ардақты азаматтың жолына тоқталар болсақ, ол 1915 жылы Қазалы ауданына қарасты Көларық ауылында дүниеге келген. 5 жасында ата­анасынан жетім қалып, нағашысының тәрбиесінде өседі. Еңбекпен есейген бозбала қатарынан озық ойлайтын, жас та болса істің көзін танитындығымен ерекшеленеді. Білімдінің күні жарық екенін ерте кезден көкірегіне түйіп өскен ол 1935 жылы өзі туып­өскен Қазалы зооветеринариялық техникумында білім ала жүріп, коммунистік партия қатарына өтеді. Екінші білімін – Алматыдағы Абай атындағы мұғалімдер да йындайтын мемлекеттік институттан алады. Елге еңбек етумен бірге, Қазақстан Орталық партия комитетінің және Кеңестер Одағының коммунистік партиясы Орталық партия жанындағы Жоғарғы мектептерін қоса бітіреді.
Ол еңбек жолын 1938 жылы Қазалы аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бастығы қызметінен бас тайды. Ал келер жылы әскер қатарына шақырылып, Финляндия және Ұлы Отан соғысына қатысады.
1943 жылдан бастап облыстық партия комитетінің мал шаруашылығы бөлімінің мең герушісі, облыстық партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарады. 1949 жылы Жоғарғы партия мектебін бітірген К.Қаракөзов ұзақ жылдар бойы Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандық партия комитеттерін басқарады. Соғыс және еңбек ардагері 1965 жылдан бастап 1970 жылға дейін облыстық мал бордақылау кеңшарлар тресінің директоры болса, осы жылдан бастап 1976 жылға дейін облыстық өлкетану музейінің, содан кейін суретшілер шеберханасының директоры болып қызмет істеді. 1983 жылы құрметті еңбек демалысына республикалық деңгейдегі дербес зейнеткер ретінде шығады.
Қайраткердің қызмет еткен жылдарында жеткен жетістігі бір төбе. Оның басшылық қызметі кезінде облыста күріш дақылынан мол өнім жинауға үлкен үлес қосылды. Мысалы, Шиелі ауданын басқарған жылдары 30­дан астам диқан Социалистік Еңбек Ері атанса, 130 адам Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталды.
Оның жарты ғасырға жуық қызметі жолында өзі басқарған елдің әлеуеті мен әлеуметтікэкономикалық ахуалын дамыту, жақсартудағы ең бегі ескеріліп, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен және бірнеше мемлекеттік медальдармен мадақталды. 5 мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасына ие болды.
Атпал азамат өмірлік жары Жамал анамызбен 65 жыл тату­тәтті отасып, 7 бала тәрбиелеп өсіреді. Жамал Қаракөзова 47 жыл білім саласында еңбек етіп, ұлағатты ұстаз бола білген аяулы жан. Орта мектептер мен интернатқа директор болып басшылық қызметтер атқарған ол да республикаға еңбегі сіңген дербес зейнеткер ретінде зейнет демалысына шыққан. Сондай­ақ, оның саладағы ұзақ та жемісті еңбегі Қазақ КСР «Оқу ағарту ісінің озаты» төсбелгісімен бағаланды.
Ардақты азаматтың төл перзенті «Қызылорда облысы электр тарату тораптары компаниясы» Акционерлік Қоғамы басқарма төрағасы, техника ғылымдарының кандидаты, PHD доктор Батыржан Көмекбайұлы ата­анасы жайында былайша сыр шертеді.
– «Әке өлсе де тәрбиесі өмірлік, ана өлсе де айтқан сөзі естелік», демекші, ата­анама деген ыстық сағыныш жолдарын осы мағыналы сөз жолдарымен бастағым келеді. Себебі, ата­ананың аялы алақаны мен мейірімін, қас­қабағының өзін әлемде ешбір байлық толтыра алмайды. Қанатты құстай зулап өтіп жатқан ұшқыр уақыт. Бәрі күні кеше сияқты еді. Міне, жүйткіген уақыттың желегімен жүргенімізде әкеміздің дүниеден өткеніне 15 жыл, анамызды қайтпас сапарға шығарып салғанымызға 6 жыл өте шығыпты. Иісі қазақтың атамекені атанған ауыл десе топырағында жалаңаяқ асыр салып алаңсыз ойнаған балалықтың бал дәурені өткен туған жеріміз есімізге түссе, санада марқұм ата­анамның қасында өткізген бақытты сәттер сайрай жөнеледі. Қазақылықтың иісі аңқыған Қармақшы ауданы ежелден­ақ ән мен жырдың төресі атанған қасиетті топырақ. Құт-береке дарыған бұл өңірде Қазақстанның атын әлемге танытқан талай ақын, жазушы, жыршы, жезтаңдай әнші, күй шеберлері дүниеге келген. Бұл аудан жайлы сыр толғаған кезде ол ауданды басқарған сол кездегі партия комитетінің хатшылары қазіргіше айтқанда, аудан әкімдерін де еске алатынымыз ақиқат. Менің әкем де осы ауданның дамуына ықпал жасаған жанның бірі. Көзі тірісінде біз көрген соғысты, қиыншылықты сендер көрмесеңдер екен деп өзінің майданда өткізген шағын көп еске алатын. «Әкең барда орындалар арманың» дегендей, өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері анық. Отбасының берекесі мен ынтымағы үшін оның тәрбиелік рөлі зор. Әке әрқашан балалары үшін нағыз ер жігіт, адалдық пен шындық өнегесінің үлгісі. Әкеміз бізге әрқашан адамдардың қадір­қасиетіне нұқсан келтірме деп тәрбиелейтін. Әрбір адамды тұлға ретінде қабылдайтын. Сондықтан да болар, халық оған үлкен сенім білдіретін. Достарының алдында да абыройлы бола білді. Көп сөйлемесе де астарлы әзілмен ортасын қуанышқа бөлейтін ақжарқын азамат болатын. Әкем мен анам дүниемүлікке қызықпаған, ешкімге ғайбат сөз айтпаған жандар еді. Көз қуаныштарына айналған балаларына дұрыс жол сілтеп, сарқылмас тәрбие беріп, ұядан ұшырды. Әкем отбасының бүкіл ауыртпалығын көтеріп, бізді асырауға асықса, анамыз өз өмірін тек бала тәрбиесіне ғана емес, халықтың да баласын қоса тәрбиелеп білім нұрымен сусындатуға асығатын. Анамыз балаға қатал болса да, оның аялы алақаны біз үшін ең жылы ұя болды. Ол әрқашан біздің қуанған сәтімізді де, іштей мұңайған сәтімізді де сезіп отыратын. Бар саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған анамыз бен әкеміз екеуі 65 жыл отасып, сыйластықта өмір сүрді, – дейді ол ата­анасына деген сағынышын білдіріп.
– Бүгінде 7 баланың үшеуі түрлі қызмет атқарып, еліміздің өркендеуіне үлесін қосқан зейнеткер. Сыр суынан нәр алып, арман қуып алыста жүрген әрбіріміз кіндік қанымыз тамған туған жерге мәңгілік қарыздармыз. Міне, мен де туған жеріме оралып, облыстың дамуына еңбек сіңірудемін. Немерелер де бүгінгі таңда Қазақстанның түкпір­түкпірінде қызмет жасап жүрген елге сыйлы азаматтар. 2017 жылы сол кездегі облыс басшысы Қырымбек Елеуұлының бастамасымен Қызылорда қаласының білім бөліміне қарасты №235 мектепті әкеміздің есімімен атадық. Бұл да әкеміздің ұзақ жыл жасаған еңбегін халықтың елегені, құрметтегені деп ұқтық. Тарих беттерінде орны алтын әріптермен жазылған, қойнауы құтқа, елі берекеге толы Қармақшы ауданының 95 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Ғылымның түрлі саласында еңбек етіп, жырақта жүрген кездерде де туған жердің төл перзенті ретінде ауданымыздың әрбір жетістігіне, жағымды жаңалықтарына марқайып, мақтанатынбыз. Жыл сайын жоғары деңгейден көрініп келе жатқанын қуаныш санаймыз. Ауданның қазіргідей жарасым тапқан сән­салтанаты, өсіпөркендеуі – елдің ауызбіршілігі мен адал еңбегінің жемісі деп білеміз.
Қасиетті мекеннің ертеңі нұрлы, болашағы жарқын болсын, көркейіп­дами берсін, – дейді өнегелі де өркенді әулеттің текті ұрпағы Батыржан Қаракөзов ағамыз.
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА

12 тамыз 2023 ж. 364 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 305

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 402

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930