Кшіпейіл болғаннан кішірейіп қалмайсыз...
Жақында жұмыс барысымен бір мекемеге бас сұқтым. Бір маманның өзінен кеңес сұраған тұрғынға дөрекі, әрі зілді дауыспен жауап беріп жатқанына куә болдым. Мұндай көріністі өзге де жерлерден бірнеше рет құлақ естіп, көз көрді. Мән бермейін десең де, агрессияға толы ащы дауыс назарыңды аудартпай қоймайды...
Иә, қазіргі нарық заманында кімге де болса оңай емес. Бұрын қиындықпен бетпе-бет келмеген көптің жүйкесі жұқарған болар. Мүмкін өмірдің бұралаң жолындағы соқтықпалы кезеңдерінде жүрген болар. Десе де, жан-дүниеңнің күйінішін өзге бейтаныс адамға дауыс көтере дөрекі сөйлеу арқылы шығару дұрыс шешім бе? Жұмысқа тұрар уақытта түйіндемесін түйіндеп келген жанның қарапайымдылығына, мәдениеттілігіне баса назар аударылмаушы ма еді? Кішіпейіл болу соншалықты қиын нәрсе ме? Қазір заман ағымына ілесу, көштен қалмау керек деп жаңа нәрсені үйренуге асығамыз. Жаңаны меңгеріп жүргенде қанға сіңген рухани байлықтардан қаншалықты алыстап жатқанымызды байқамай да қаламыз. «Ұлық болсаң, кішік бол» дейтін ұлттың ұрпағы емес пе едік? Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсете білетін, мәдениеті жоғары халықтың қатарынанбыз. Тек соңғы уақыттағы жағымсыз көріністер, әлеуметтік желідегі жөнсіз әңгімелер асыл қасиеттерден ажырап бара жатқанымызды аңғартады. Себебі не, кінә кімнен деп оны өзгеден іздеуден аулақпын. Себебі әрбір адам өзгерісті өзінен бастауы шарт. Қалай дерсіз? Сіз біреуге жылы сөз айтып, жүрегін жылыттыңыз. Көңілі көтерілген ол келесі жанға шаттық эмоциясын сыйлайды. Осылайша бұл үрдіс жалғаса берсе, мейірімді әлемге айналары хақ.

Бұл туралы бізден қаншама ғасыр бұрын өмір сүрген әлемге әйгілі ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде айтып кеткен. Қайырымды қала тұрғындарының бойында болуы керек асыл қасиеттерді тізбектей келе, басшыға тән 12 қасиетті де нақтылап көрсеткен. Соның ішінде әрбір басшының мейірімді, қайырымды, кішіпейіл болуы міндетті екенін айтады. Сан жыл бұрын айтылса да, әлі күнге дейін маңызын жоймаған бұл еңбектегі әрбір қағиданың бізге берері көп.
Біреу көргенде қуанып, енді бірі жылайтын, тағы бірі мұңаятын тастағы жазудағыдай «Бәрі өткінші» екенін есте ұстаған абзал. Ауыздан шыққан ашулы сөздің, кешірім сұралса да жүрек түкпірінде қалатыны тағы бар бар. Қандай жағдайда да күліп жүріп, кішіпейіл болғаннан кішірейіп қалмайтыныңыз анық.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ