» » Аудан басшысының халықпен кездесуі жалғасуда

Аудан басшысының халықпен кездесуі жалғасуда


Президент Жарлығы аясында аудан әкімінің халықпен кездесуі Иіркөл, Жосалы елдімекендерінде жалғасты.
Кездесулерде аудан әкімі Жандос Еркінбек алдымен ауданда, одан соң ауылдық округтерде атқарылып жатқан және алдағы уақытта атқарылатын игілікті істерді атап өтті.
Айта кетейік, биыл облыстық бюджеттен Иіркөл ауылдық округіндегі Р.Доспанов көшесінен №8-ТВ, Жосалы ауылдық округінің Байшораұлы көшесінен №20-ТВ техникалық су ұңғымаларын бұрғылау жұмыстары жүргізілуде.
Одан бөлек, қос елдімекенде балалар және спорттық алаңының құрылғыларын орналастыруға және Жосалы ауылындағы П.Байшораұлы көшесіне заманауи жарықтандыру құрылғыларын орналастыруға, Жеңіс көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттарын дайындауға қажетті қаржылары бөлініп отыр.
Кездесулер барысында ауыл тұрғындары аудан әкіміне көкейде жүрген сауалдарын жеткізді.
Аудан басшысы өз кезегінде көтерілген сауалдар мен өтініштердің барлығы заң аясында кезең-кезеңімен шешімін табатынын және әр сауал жеке бақылауында болатынын айтты.
Халықпен кездесулерден кейін аудан әкімі екі елдімекенде де құрылысы жүріп жатқан балаларға арналған ойын алаңдарының жұмысымен танысты.

08 маусым 2023 ж. 650 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 000
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 677

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031