» » Жастар – жаңашылдық жаршысы

Жастар – жаңашылдық жаршысы


Ақтөбе ауылдық мәдениет үйінде №109 орта мектебі кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен жастардың бойында қоғамдық белсенділікті арттыру мақсатында «Жастар – прогресс даму һәм жаңашылдық жаршысы» тақырыбында сайыс өтті. Байқауға қазылық етуге және демеушілік жасауға «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Дастан Буханов, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы Гүлжауһар Раева, «Төретам жастары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлжазира Маханова, аудандық білім бөлімі қызметкері кәсіподақ комитетінің төрағасы Ляззат Есханова қатысты.
«Жаңа Қазақстан», «Нұрлы жол», «ҰБТ» топ атауларымен жастар өздерін таныстыру, сұрақ-жауап, өнер тапқыштық қабілеттерімен 3 топқа бөлініп сайысқа түсті. Олар мазмұнды көріністерімен тапқырлық өнерлерін және қазіргі қоғамдағы экология, «Жасыл ел», темір жол, кәсіпкерлік, білім салалары бойынша жан-жақты ізденісті ойларын ортаға салды. Мектептен қатысқан «ҰБТ» тобы «Ұлттың болашағын тәрбиелеу» деп аталатын топ атауының ерекшелігін, «Нұрлы жол» тобы қалдықсыз өнім жасауды, «Жаңа Қазақстан» тобы жастарды кәсіпкерлікке сүт өнімдері оның ішінде құртты дайындау, сатудың өте ұтымды жолдарын көрсетті.
Сайыс нәтижесінде І орынды «ҰБТ» тобы жеңіп алса, ІІ орынды «Нұрлы жол» тобы, ал ІІІ орынға «Жаңа Қазақстан» тобы жайғасты. Жеңімпаздарға әділқазылар арнайы диплом мен сыйлықтар табыс етсе, мектеп директоры Бақытбек Алмағамбетов ізгі тілегін білдірді.
Гүлнар БИСЕНҚҰЛОВА
06 маусым 2023 ж. 376 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10386)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 479
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31