» » Ұлттық құндылық — тәрбиенің алтын арқауы

Ұлттық құндылық — тәрбиенің алтын арқауы

qarmaqshy-tany.kz Ұрпақ тәрбиесі – қоғамның болашағы. «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деп халық даналығы айтқандай, бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі, сөз жоқ, қоршаған ортаға, әсіресе ата-аналар мен ұстаздар қауымының парасаттылығына байланысты. Ендеше ұрпақ тәрбиесіне аса зор жауапкершілікпен қарау – әрбір саналы азаматтың борышы.
Халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді көрсетіп тұратындығын жоққа шығара алмаймыз. Ұлттық тәрбиеміздің халықтың сан ғасырлар тарихымен тығыз байланыста болып, осы уақытқа дейін дәстүрлі тәрбие құндылықтарын жоғалтпай жалғастырып келеді. Халқымыздың ұлттық тәрбиесі негізінен жүйелі болған. Өйткені, тәрбие әке-шеше, отбасынан бастап, ағайынтуыс, көрші-қолаңның бәрі араласып, бәрі де халықтың баласына ортақ қамқорлық жасаған. «Балаңа басқұр қалдырғанша, тозбас дәстүр қалдыр» деген қазақ халқы озық жұрттардың санатында болашақ қамын қатты ойластырған. Сол себепті ұлтымыз «Балаң өзіңе тартса – жұбан, қоғамға тартса – қуан» деп бекер айтпаған.

Тәрбиенiң бiртұтастығын сақтау, ұрпақ тәрбиесі мен ұлт тағдыры әр азаматтың қолында екенін ұмытпаған жөн.
Ауданда тәрбие жұмысын ұйымдастыруда 42 мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары, 29 педагог-психолог, 29 әлеуметтік педагог, 29 тәлімгер, 797 сынып жетекші жұмыс істейді.

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезінде басым бағыт Абайдың «Толық адам» рухани адамның ұлттық бейнесін ашу, баланың жеке басына тілектестік қарым-қатынас, құрмет пен сенім, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады.

Барлық білім беру ұйымдарында «Оқуға құштар мектеп», «Дебат қозғалысы», «Балалар және театр», «Мектеп парламенті», «Жылыжай» жобалары жоспарлы жүзеге асырылып, жүзден астам іс-шара өткізілуде.

Жоба жұмыстары, оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамытып, ата-ана мен мектеп арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтуда. Қазіргі таңда жоба жұмыстарына 8000-нан астам бала қамтылған.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын ояту үшін барлық мектептің кітапханаларын¬да «COWORKING» орталықтар ашылды.

Мектеп кітапханаларында 87497 дана көркем әдебиет қорлары бар. Білім беру мекемелеріне демеушілер, еріктілер, мектебін ұлықтаушы шәкірттер арқасында мектеп кітапханалары 792 дана көркем әдебиетпен толықтырылды.

Барлық білім беру ұйымдарында «Оқуға құштар мектеп» жобасына жауапты маман бекітіліп, арнайы бұйрық шығарылған. Іс-шара жоспары бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде. Атап айтар болсақ, балалардың оқу мәдениетін дамыту мақсатында «Кітапқа құмар құрдастар» тақырыбында кітапқұмарлар акциясы, балаларда кітап оқу дағдысын қалыптастыру, отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Үздік оқырман отбасы» байқауы өткізіліп, оған аудан бойынша 138 отбасы қатысты. Барлық білім беру ұйымдарында мектепішілік жергілікті танымал тұлғалармен кездесу кештері ұйымдастырылды. №29 орта мектепте аудандық «Ақын – елдің ардағы» тақырыбы бойынша жергілікті қаламгер, ақын, ардагерұстаз Зарипа Тасымовамен өткен сыр-сұқбат жас ұрпақ бойына жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыратын мазмұнды кеш болды.

Аудан мектептерінде дебаттық клуб жұмыстарына 450 оқушы тартылған. Биылғы оқу жылында Дебат клубы жұмысы үздік нәтиже көрсетіп отыр. Облыстық кезеңге 3 команда қатыстырылды. №277 орта мектептің «Mind cell» (миндсел) клубы облыстық кезеңде І орын иеленіп, республикаға жолдама алды. Облыстық кезеңде №277, №250, №121 мектеп оқушылары ІІІ орынмен марапатталды. Осы жылы «Жеке тұлғаны қалыптастырудағы өнер мен дебаттың маңызы» атты облыстық дебат ойыны мен семинар жұмысы №250 мектеплицейінде ұйымдастырылып, оң нәтижесін беруде. Мектеп-лицей базасында жалпы білім беру ұйымдарының мектеп директорлары арасында «Ұшқыр ой алаңы» аудандық дебат турнирі, №26 мектепте оқушылар арасында «Қазақстан – бақытты балалар мекені» республикалық турнирінің аудандық кезеңі, №250 мектеплицейінде мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары арасында облыстық дебат турнирінің аудандық кезеңі өткізілді.

Жүйелі жұмыстар нәтижесінде Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Раиса Шер ауданның дебат жұмысын насихаттап, фейсбук парақшасына жариялады.

Тәрбие жұмысында әрбір оқушының өзінөзі басқаруы, патриот болып ержетуі, Отанды танудан бастап, айналаға деген және азаматтық тұлғалық ұстанымын қалыптастыруда мектептерде оқушыларды кітап оқуға тарту, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, түрлі шараларға қатыстыру басты назарда ұсталады.

Мектеп парламенті жобасы бойынша өзін-өзі басқару органы 29 мектепте толық құрылып, сайлау өткізілді. 8 фракция бойынша мектеп құрамы жасақталып, 2891 оқушы қамтылуда. Парламент мүшелері мектеп өміріне белсенді араласып, өзін-өзі басқару ұйымы арқылы жұмыстарды іске асырып, өздерінің коммуникативті ұйымдастыру шеберліктерін көрсетуде. Атап айтсақ, «Әке – шаңырақтың негізгі тірегі» тақырыбындағы әкелер кеңесі мектептің парламент мүшелерінің ұйымдастыруымен №26 мектепте өтіп, тәлім-тәрбие алатын тағылымды шара болды.

«Мектеп театр» жобасына 435 оқушы қамтылған. Ұрпақты театр өнеріне тарту, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру, сөздің көріктілігіне, ойдың жүйріктігіне тәрбиелеу, адамды өзгерту және әлемді тану, білім алушыларға ізгілік жолын, имандылық жолын көрсету мақсатындағы театр жобасы жоспарға сәйкес жұмыс жүргізуде. Облыстан «Театрдың ғажайып әлемі» тақырыбындағы байқаудан №80 мектеп-гимназиясы ІІІ орынмен, №99 мектеп шығармашылық пен шеберлік көрсеткені үшін алғыс хатпен марапатталды. Қаңтарда «Т.Жүргенов – қазақ мәдениетінің алып нары» тақырыбында аудандық театрландырылған қойылым байқауы, ақпанда аудандық мәдениет үйінде «Театр – тәрбие мен мәдениет ошағы» тақырыбында тәжірибе алаңы, Т.Жүргеновтің 125 жылдығына арналған №80 мектеп-гимназиясында «Т.Жүргенов – тарихи тұлға, ұлт жанашыры» тақырыбында облыстық театр байқауы өткізілді. Наурызда N275 орта мектепте «Театр – өнер мен тәрбие ордасы» тақырыбында облыстық семинар өтті. Ерекшелігі – оқушыларға сан түрлі өнердің ішінде театр өнерінің алатын орнының ерекшелігін, тәрбие ошағына айналған мектеп театрының жұмысымен таныстыру. Мәдени өсуге ықпал ететін театрландырылған қойылымдар арқылы жас ұрпақты өнерді құрметтеуге баулу, театр қойылымдарына қызығушылығын арттыру.

Аудандық Т.Салқынбайұлы атындағы өнер мектебінде облыстық «Дәстүрлі әндерді заманауи нақышта орындаудың тиімділігі мен әдістері» тақырыбында тәжірибе алаңы болып өтсе, аудан бойынша білім бөліміне қарасты оқушылар үйінде «Қосымша білім берудегі инновациялар: идеядан іске асыруға дейін» тақырыбында облыстық семинар-практикумы ұйымдастырылды.

Мектептерде рухани-адамгершілік тәрбие беру, адамзаттық құндылықтарды дамытуда «Ата-аналар комитеті», «Әкелер, аналар кеңесі» жұмыстарын жүргізуде.

Мектеп, отбасы және қоғамдастық арасындағы өзара түсіністік, әртүрлі проблемаларды шешуге бірлесе ұмтылу, тәрбие жүйесінде тұлғаның өсуі мен өзін-өзі жетілуіне қол жеткізеді. Өскелең ұрпақтың дамуы мен тәрбиелеудегі жетістігі және әрбір баланың тұлға болып қалыптасуы көбіне отбасындағы ата-ана мен мектептің бірлескен іс-әрекетіне, шешіміне тікелей байланысты.

Отбасылық құндылықтарды дәріптеу және оны сақтаудың маңыздылығына назар аудару мақсатында білім беру ұйымдарында тоқсан сайын әртүрлі тәрбиелік іс-шаралар сынып сағаттары, бейнероликтер, конкурстар, флешмобтар, акциялар, семинар-тренингтер, шеберлік сабақтары іске асырылады.

Жаңа Қазақстан үшін қазақ өркениетін дамыту, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, тағы басқа ұлттық құндылықтар аясын кеңейту – өзекті мәселенің бірі. Сондықтан алдымызда тұрған мақсат – ұлттық мұра құндылықтарын қазіргі таңның мәдени жетістіктерімен үйлестіру. Жас ұрпақ тәрбиесінде үйлесімділік заңы салтанат құруы шарт. Яғни ол өзінің өсу, есею кезінде ақ сүт беріп асыраған ата-анасымен де, көкірек көзін ашқан ұстаздарымен де үйлесім таба білуі тиіс. Сонда ғана тұлға бойында ұлттық рухани қасиеттер біртебірте қалыптасары сөзсіз. Тұлға бойындағы рухани құндылықтарды қалыптастырудың көзі отбасы, әулет, әлеуметтік орта, мемлекет болса, ұлттық құндылық, ұлттық салт-сана, ұлт алдындағы міндет, парыз, намыс, рух, ұлттық салт-дәстүр тұлға бойындағы ұлттық құндылықтың ең жоғары көрсеткіші.

Қорыта айтқанда, отбасылық құндылықтар мен ұлттық тәрбие мәселелері орта білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысының ажырамас бір бөлігі болуы тиіс.
Ақтолқын ТОҚШЫЛЫҚОВА,
аудандық білім бөлімінің әдіскері
02 маусым 2023 ж. 1 173 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 324

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 417

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930