» » Қасіретті жылдар халық жадында

Қасіретті жылдар халық жадында

qarmaqshy-tany.kz Еліміздің шерлі тарихы болған саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні 1997 жылы ҚР президентінің жарлығы бойынша 31 мамыр болып бекітілді. Жиырма алты жыл бойы қазақ жұрты осы күнді ерекше құрметпен атап өтіп келеді.
Тарихқа үңілсек, ұлты мен діні, тілі мен діліне қарамастан, мыңдаған адамдар, тоталитарлық жүйенің диірменіне түсіп, өзгеше ойлағаны үшін кінәсіз сотталып, туған жерлерінен аяусыз айдалып, түрмелерде жазықсыз көз жұмды. Өткен ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғаларымен есте қалады. Сол оқиғалардың ішінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930-1938 жылдар ауыр да азапты кезең болды. Өткенге ой жіберіп, осы күнге жете алмай, армандап өткен асылдарымызды еске алу, ұмытпау – әрбір ұрпақтың парызы.

Қазақстанда аштық қырғыны өткен ғасырдың 30-шы жылдары орын алды. Ол тарихта Ұлы жұт – Ашаршылық жылдары деген атпен аталады. Өлкелік партия ұйымының басшылығына келген Ф.Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен ауылда тап күресін шиеленістіру бағытын таңдап алды. Бай-кулактар қатарына темір шатырлы үйі немесе 2 аты болғандар да енгізілді. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру (коллективизация) бағыты көзделіп, бай-кулактарды тап ретінде жою міндеті алға қойылды. Ұжымдастыру оларды тәркілеуден басталды.

Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру халықты жаппай ашаршылыққа алып келді. Жер-жерде кедейлер мен орта шаруаларды орынсыз соттау және шаруалардың малын жөнсіз кәмпескелеу, меншік құқығынан айыру, тұрақты тұратын жерінен күштеп көшіру орын алды. 1930-1932 жылдарда тұратын жерінен күштеп көшіру орын алғандықтан, аштық етек алды. 1930 жылдардың басында қазақ халқы 4 млн 800 мың болатын. Соның 2 млн 300 мыңы 3 жыл ішінде аштықтан қырылды. Геноцид саясатының салдарынан халық осындай қасіретке ұшыраған. Тұтас ұлтты түбімен құртып жібере жаздаған. Бірақ халқымыз үнсіз көне бермеген. 1929-1931 жылдар аралығында Қазақстанда 72 көтеріліс болыпты.

Ал «Үлкен террордың» басталуы 1937 жылдың 5 тамызы деп есептеледі. Бұл Сталиннің «антисоветтік элементтерді» құрту туралы бұйрыққа қол қойған күні. Осыған орай саясибюроның арнайы шешімімен әр республика бойынша репрессиялануға тиісті адам басына «квота белгіленді.

Жергілікті партия органдары мен НКВД басқармалары бұл шешімді жанталаса орындауға кіріседі. Тіпті көпшілік аймақтардан Сталин мен Халық комиссары Ежовтың атына «өлім лимитін» өсіріп белгілеп беру туралы өтініш-хаттар үздіксіз ағылды. «Ерекше үштік» ешқандай сотсыз, тергеу-тексеріссіз кез келген жанды ату жазасына кесіп немесе абақтыға жаба салатын болды.

Бүкіл КСРО көлемінде барлық ұлттардың зиялы атаулысы, ғалымдары мен ағартушылары, батырлары мен қолбасшылары, дәулеттілері мен білімділері, діндарлары мен ақындары айдалды, атылды. Тіпті тұтас ұлттар атамекенінен жер аударылып, намыстары тапталды. «Ақты қара, қараны ақ» дегізген жазалау саясаты, бірді емес, мыңды зарлатты.

1937 жылдың желтоқсанында «Алжир» лагерінің іргетасы қаланып, бір жылдан кейін онда халық жауы атанған азаматтардың әйелдері әкелінген. 8-15 мыңдай тұтқын әйелдің гүл өмірі көктей солып, көбі осында бақиға аттаныпты. 1937 жылғы қыркүйек, қазанда Қиыр Шығыстан 110 мың корей, Әзірбайжан мен Армениядан 2400 отбасы жер аударылып, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарына қоныстандырылды.

«Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР-ның 1993 жылы 14 сәуірдегі заңына сәйкес қуғынсүргіндерге ұшырағандар жаппай ақталды, қазақ қайраткерлерінің есімдері халқына қайтарылды. Құрбандар ақталғанымен, халқымыздың басынан өткен қасіретін халық жадынан ешкім өшіре алмайды.
Дайындаған Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
31 мамыр 2023 ж. 378 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031