» » Бүгін - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Бүгін - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
 Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірде жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы ҚР Заңы қабылданды. Ал, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы, сондай-ақ  31 мамыр – саяси саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жариялады. 

Бұл шара – жазықсыз жапа шегіп, қазақты егеменді ел етеміз деп еркіндікке ұмтылған ерлердің алдындағы борышты өтеуге, парызды ақтауға арналған жұмыстардың бастауы.

Жалпы, зерттеушілер деректеріне сүйенсек, 1927-53 жылдары Қазақстан бойынша 125 мыңнан бастам адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы атылды. Осы қуғын сүргін жылдарында бүкіл елде 953 лагерь болған. Қазақстанда ГУЛаг-тың 20-дан астам лагері орналасқан.

«Социалистік режимнің екі үлкен күнәсін кешіруге болайды: бірі – ашаршылық, енді бірі – қуғын-сүргін», - дейді Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Хангелді Әбжанов.

Айта кетейік, атаулы күнге орай еліміздің әр аумағында бірқатар іс-шара ұйымдастырылды. Айталық, 28 мамырда Алматыда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті және «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Тауқымет пен тағзым» атты жиын өтті. Жиын барысында 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған дискісілерідің тұсауы кесілді. 29 мамырда  Астанадағы «Іскер» бизнес орталығында ғылыми тәжірибелік конференция өтті. 

Сондай-ақ, бүгін С.Сейфуллин ескерткіші алдында «Өткенге құрмет – мәңгілік міндет» жастар акциясы өтеді.
 
31 мамыр 2021 ж. 1 794 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 844
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 564

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930