Әрбір баланың болашағы маңызды
qarmaqshy-tany.kz Жұма күні аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Оған комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары, мектеп директорлары мен ата-аналар қатысты.
Отырыстың күн тәртібі бойынша төрт мәселе қаралды. Алғашқы мәселе бойынша аудандық полиция және білім бөлімінің ұсыныс хаттарына сәйкес, кәмелет жасына толмаған балалардың анасына қатысты оны ата-аналық құқығын шектеу туралы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің аға инспекторы Гүлмира Исмайлованың және аудандық білім бөлімінің қорғаншылық қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органының бас маманы Нұрхан Сарымсақовтың хабарламалары тыңдалды.
Екінші мәселеде Қармақшы аграрлытехникалық колледжінің екі студентінің тәртібіне қатысты колледж директоры Бауыржан Сайдулла, сондай-ақ үшінші мәселе бойынша «Балалар қауіпсіздігі мәселелері. Демалыс кезеңінде балалар арасында төтенше жағдайлардың алдын алу, болдырмау шаралары туралы» аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Қайнар Далдиев баяндады. Ал төртінші мәселе бойынша «Балалар мен жасөспірімдердің қаңғыбастыққа салынуының алдын алу, жазғы демалыстың ұйымдастырылуы, қауіпсіздік мәселесі туралы» аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақтолқын Тоқшылықова хабарлады.
Комиссия отырысында кәмелетке толма ған балалардың ата-анасының бала алдындағы жауапкершілігі, жасөспірімдердің ұрлыққа барып, түн мезгілінде бейберекет жүруі, құқығының болмауына қарамастан көлік құралын жүргізу, тағы басқа да мәселелер кеңінен талқыланып, комиссия мүшелері тарапынан ұсыныстар айтылды.
Отырыста комиссия төрағасы Жұлдызхан Байназарұлы барлық білім алу шылардың өмір қауіпсіздігі бағытын дағы профилактикалық жұмыстар ды күшейтуді, кәмелетке толмаған жас өспірімдермен орын алатын жолкөлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау, төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында ата-аналар, студенттермен түсіндірме жиналыстарын ұйымдастыруды, мектеп оқушылары арасында жол-көлік оқиғаларын болдырмау бағытында профилактикалық жұмыстарды арттырып, ақпараттық-насихаттық іс-шаралар өткізуді тапсырды. Сонымен қатар, қолайсыз отбасындағы, мектепішілік бақылау, ішкі істер органдарында есепте тұрған балалардың жаз мезгіліндегі бос уақытын тиімді өткізуге тиісті іс-шаралар жүргізуді, жазғы демалыс уақытында оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтауда барлық мектеп басшылары, сынып жетек шілері әлеуметтік желілер арқылы ата-аналарға балаларын күнделікті бақылап, қадағалау жөнінде ескертіп отыруды жа уапты ведомство басшыларына жүктеді.
Комиссия отырысында қаралған күн тәртібіндегі мәселелерге орай тиісті шешімдер қабылданды.
С.ДАТ