Бэйби туризм: шетелде босану сән бе?
qarmaqshy-tany.kz Елімізде перзентхана төңірегінде түрлі теріс пікірлер бар. Жасыратыныжоқ, осында сәбиді саудалағандар жайы да орын алғаны белгілі. Сондай-ақ,ана мен сәби өлімінің тіркелуі де азаймай тұр. бұл отандық медицинаныңолқылығының бір ұшы секілді. Неге аналар бөбектерін шетелде босанады? Себебін іздеп көрелік.
Жүкті әйел үшін өмірге сәбиін аман-есен әкелуі өте маңызды. Сол үшін де аналар күні жақындағанда перзентхананы таңдап, балапанының амандығын тілеп күні бұрын дайындалады.
Бүгінде жас аналар арасында шетелде босану трендке айналып келеді. Мұныбірі – бөбегінің келешегі үшін таңдаса,екіншісі – елдегі медицинаға күмәнменқарағандықтан осындай қадамға барады. Дүниежүзілік денсаулық сақтауұйымының статистикасы бойыншаеліміз ананың өлім-жітім саны бойыншаәлемде 46-орында, ал сәби өлімі бойынша 79-орында екен.
Қазір әлеуметтік желінің заманыжелдей есіп тұр. Өзгелердің барлық өміріосында өтіп жатқандай. Үй шаруасындағыәйелдердің де баққаны осы. «Бәленшебүйтіп жатыр, сүйтіп жатыр. Менде негеондай өмір жоқ» деген секілді. Құддыөзін артта қалып қойғандай сезінетіндерде жоқ емес. Әлбетте, әркімнің өзіне тәнөлшеулі, дара өмірі бар. Оның бәріндеқайталануы да заңды емес. Иә, соныңбірінде перзентханадағы босану жайын салатындар бар. Сондай бейнежазбалардың астындағы пікірдің қарасықалың. Мұны жазатындар дені сәбиінкүтіп жүрген жас аналар. «Менің де ай-күнім жақындап қалып еді. Қай перзентханада босандыңыз? Күтім қалай?»деген сынды сұрақтарды жаңбыршажаудырып жатады. Көп жағдайда аналарақылы бөлімде босанғанды дұрыс көреді. Ақысы төленген соң тиісінше күтім де оңынан жасалады деп топшылайды. Дей тұра қарапайым халықтың қалтасы кейде мұндай жағдайға жете бермейді. Сол үшін тұрғылықты жерінің перзентханасында босануды дәстүрге айналдырған.
Рас, соңғы кездері қалтасы қалың отандастарымыз шетелде босануды сәнге айналдырғандай. Оның ішінде, шетелде білім алған, сонда жұмыс істеген жандар бар. Дей тұра босану үшін арнайы алыс сапарға шығатын жайттарды да көріп, біліп жүрміз. Олардың көбі АҚШ-ты таңдайды. Оның негізгі себептерінің бірі – мұнда өмірге келген бала Америка азаматтығын алады. Одан кейін болашақта осында білім алуына болатын көрінеді. Сондай-ақ, АҚШ-та медицина жоғары деңгейде дамығанын да айта кету керек.
Қазірде тіпті шетелде босануды ұйымдастыратын арнайы агенттіктер
де бар. Олардың қызмет құны баратынмемлекетке байланысты. Айталық, Америкада босану қызметінің құны – 20 мыңдоллардан басталады. Бұл қаражатқаАмерикадан күтіп алу, босанғанға дейінгікүтім мен туу туралы құжат жасау кіреді. Сонымен қатар, агенттік ана мен сәби АҚШ-та болған кезде барлық міндетті өз мойнына алады. Одан бөлек, Америкада екі ай тұру да қосылады. Ал, авиабилет, көлікпен қатынау, азық-түлік, балаға қажетті заттардың шығындарын әр ана өзі төлейді. Бұл агенттікке жүгіну болашақ аналар үшін тиімді дейді мамандар. Барлық қызмет түрі бір жерде топтастырылған.
Бэйби туризм әлемде белсенді дамып келеді. Медициналық туризм мамандарының айтуынша, елдегі жүкті әйелдердің басым көпшілігі Майамиде босануды таңдайды. Өйткені онда Американың басқа штаттарына қарағанда медицина жоғары дамыған. Сондай-ақ, клиникада орыстілді дәрігерлер бар. Жалпы, әлемде 60-тан астам ел өз территориясында дүниеге келген балаға азаматтық береді. Осындай елдерге АҚШ, Канада, Мексика, Чили, Аргентина, Куба, Оңтүстік Американың барлығы, Кариб теңізі Барбадос, Гватемала, Доминика, Гондурас жатады. Тек дипломаттардың балаларына ғана азаматтық берілмейді. Ал, Еуропа мен Азияда мұндай мүмкіндіктер қарастырылмаған. Тек ата-анасының біреуі сол елдің азаматы болса ғана, балаға құжат береді. Бір қызығы, босану қауіпсіздігі мен бала туу көрсеткіші бойынша халықаралық рейтингте АҚШ үздік сондыққа да кірмейді. Айталық, Save the children қайырымдылық ұйымының бүкіләлемдік рейтингінде АҚШ босану қауіпсіздігі, бала өлімі, ана күтімі бойынша 33-орынға тұрақтаған. Ендеше дамыған елдер азаматтық беру арқылы медициналық туризмді жандандырып отыр деген сөз.
ШЕТЕЛДЕ БОСАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ ҚАНДАЙ?
Бірінші кезекте, дамыған мемлекеттерде босанатын әйелге жеке палата беріледі. Перзентханадан шығарылғанша ері немесе жақын туысы қасында қалуына рұқсат етіледі. Елімізде мұндай қызмет түрі қалалық жерлердегі перзентханада барын да айта кетейік. Сондай-ақ, шетелде жаңа туған нәресте анасына бірден берілмейді, арнайы палатада медбикелердің қарауында болады. Бұл ана күтіміне айтарлықтай сеп болмақ. Біздің елімізде бала бірден ананың құшағына беріліп, сәбидің күтімі есін енді ғана жия бастаған анаға тапсырылады. Баланың жағдайын мұқият бақылап отыратындай ананың мүлде тәжірибесі жоқ. «Бір нәрсені дұрыс істей алмай қалсам ше?» деп әр істеген ісіне іштей күдіктене қарайды. Бөбектің жағдайы нашарласа, дәрігер шақырудан басқа қолынан ештеңе келмейді. Соңғы жылдары ТМД елдерінің ішінде сәби өлімінің тіркелуі бойынша Қазақстан алдыңғы қатардан түспей келеді. Сәбидің дүниеге келу дерегі өскенімен, олардың шетінеп кету көрінісі көбейіп келе жатқаны алаңдатады. Статистикаға сүйенер болсақ, бала туу көрсеткіші 2%-ға артса, тиісінше сәби өлімі 1%-ға көбейген. Бұл дерек жағдайы жеткен аналардың шетел асып босануына себеп болуы мүмкін.Жалпы шетелде босанудың бірнеше себептерін байқадық. Соның бірі – өзгелерден ерекшелену, даралану. Мәселен, Салтанат есімді келіншек баласының туу туралы куәлігінде АҚШ, Түркия сынды елдердің жазылғанын қалайды. Келесі себеп – шетелдегі медицина деңгейі. Дәрігердің жоғары біліктілігі, палатадағы ыңғайлы жағдайдың болуы, сәбиге медбикелердің қарауы, анаға арналған күтім, жүкті әйел өтінішінің назардан тыс қалмауы. Соңғы себептің бірі – жаңа туған нәрестенің қос азаматтығының болуы. Бұл келешекте баланың әлем елдерін еркін аралауына мүмкіндік береді. Мәселен, АҚШ төлқұжатымен визасыз 200-ге жуық елге емін-еркін саяхаттауына мүмкіндік бар.
Ақнұр САҒЫНТАЙ