» » Кесарь тілігінің кесірі қандай?

Кесарь тілігінің кесірі қандай?


Әйел баланы өмірге әкелгенде алдымен «өзі босанып па?» деген сауалдың қойылары заңдылық. Себебі кесарь тілігінен сескеніп, түрлі жайтты жа­йып салатындар қаншама? Расымен солай ма? Жалпы кесарь тілігі – ғасырлар бойы жасалып жүрген хирургиялық тәсіл. Бүгінде оны шет мемлекеттер ешқандай медициналық көрсеткіштерсіз-ақ, оп-оңай жасай беретін болды. Ал бізде ше?
Бүгінде кесарь тілігінің қызметіне жүгініп, қалыпты өмірге қосылғандар қатары көп. Салдарынан денсаулығына салмақ түскендер де бар. Қауіп неде? Жан-жақты ізденіп көрелік.
Бұл амал – нәресте мен оның жолдасын құрсақ қуысы мен жатырды кесу арқылы шығару. Негізінен ана денсаулығына, жүкті­лік және босану кезіндегі ауыртпалықтардан туған қиындықтан құтқаруға қолданылады. Медициналық анықтамаға жүгінсек, кесарь тілігі жоспарлы және шұғыл түрде жасалатын болып екіге бөлінеді екен.
– Егер жүктілік жоспарлы түрде болса, жүкті әйелдің айы-күні таяғанда ота жасалатын күн алдын ала белгіленеді. Болашақ ана бірнеше күн бұрын перинаталдық орталыққа келіп жатады. Ал толғақ кезінде ананың денсаулығында асқынулар пайда болса, мәселен, қан қысымы көтеріліп, бүйрек пен бауырында өзгерістер орын алса немесе толғақ кезінде сәбидің жүрек соғысы нашарласа, қағанақ суының түсі өзгерсе, ана мен баланың өмірін сақтап қалу үшін кесарь тілігіне жүгінуге тура келеді, – дейді мамандар.
Кесарь тілігінен кейін әйелде бұған дейінгі болған созылмалы аурулардың асқынып, өршуі әбден мүмкін. Мәселен, қан аздық, бронхит, пиелонефрит секілді аурулар күшейеді. Әйелдің қан қысымы жоғары болса, қант диабетімен ауырса және көзінің көру қабілеті төмен болған жағдайларда отаға жүгінуіне тура келеді.
– Қазір әйелдердің біразында ден­саулығы жоқ. Ол рас. Мәселен, бірінің қаны аз, гемоглобині төмен, бірі бүйрек жетіспеушілігіне ұшыраған, екіншісі суықтаған, бірінің көру қабілеті төмен. Бұл жағдай босанатын келіншектерді жасанды жолмен босану қызметіне жүгінуге мәжбүрлейді. Тұңғыш сәбиімді дүниеге әкелерде дәрігерлер «табиғи жолмен босанасың, мүмкіндігің мол» деді. Алайда, толғақ кезінде баланы кесарь тілігімен алуға тура келді. Бұл ота жалпы жансыздандыру арқылы жүргізілді. Оянған соң қалыпқа келудің өзі қиын болды. Қызымның салмағы 4 келі 25 грамды құрады. Үш жарым жылдан кейін ұлымды да отамен алуға тура келді. Оның салмағы 4 келі 900 гр болған соң жатырдың тіккен тұсы жыртылып кету қаупі бар деп табиғи жолмен босануға рұқсат берілмеді. Екінші ота жергілікті анестезия арқылы жүргізілгенімен, бұл да оңай болмады. Кейін менде ұмытшақтық пайда болды. Жатырдың тіккен тұстары әлі күнге дейін ауырады. Соның салдарынан ауыр көтеруге мүлдем болмайды, – дейді Әлия есімді келіншек.
Ал 8 баланы дүниеге әкелген «Батыр ананың» пайымдауынша, қазір азық-түлік құрамында қоспалар көп. Сондай-ақ бүгінгі келіндердің қимыл-қозғалысының азаюы іштегі баласы шамадан тыс өсіп кетуіне әкелетінінен туындап отқанын жеткізеді. «Қазір бәрі дайын. Кір жуулы, шай қайнаулы, нанды пешке салсаң пісіріп береді. Аяғы ауыр әйел барынша қозғалыста жүргені дұрыс. Оның үстіне бала теріс келсе, киізге салып аунататын, дұға оқып қайтаратын, толғақты жеңілдететін бірнеше әдіс дәстүрімізде бар. Оны жоққа шығаруға болмайды» деді ол сөз арасында.
Кесарь тілігінің тәсілдері екі түрге бөлінеді: интраперитониалды және экстраперитониалды. Қазір дүниежүзі бойынша интраперитониалды түрі (жатырдың төменгі бөлігін көлденең тілу) жиі қолданылады. Бұл операция 4 сатыдан тұрады. Алдымен құрсақ терісін кеседі. Теріні кесудің екі түрі бар: кіндік пен шат арасын тік кесу және шаттан 3 см жоғарғы көлденең кесу. Оңай емес. Кімді жазғырамыз?
Айта кеткен жөн, елдегі ана мен бала орталығының статистикасы қазақстандық әйелдердің 30 процентке жуығы осы жолмен өмірге бала әкелетінін көрсетіп отыр.

Айнұр ӘЛИ
12 қазан 2021 ж. 1 457 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 341

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 424

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930