» » Мейірім орталығы қызмет көрсетеді

Мейірім орталығы қызмет көрсетеді

qarmaqshy-tany.kz ОСЫДАН ЖЕТІ ЖЫЛ БҰРЫН АУДАНДА МЕЙІРІМ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛҒАНДЫ. БЫЛАЙҒЫ ЖҰРТ ОНЫ «ПЕРНЕШ ӘЖЕЙДІҢ» ДҮКЕНІ ДЕП АТАП КЕТКЕН. ӘЛЕУМЕТТІК АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ МАҚСАТЫНДА АШЫЛҒАН ДҮКЕН БҮГІНДЕ КӨПТІҢ АЛҒЫСЫНА БӨЛЕНІП ЖҮР. ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАУҒА НИЕТІ БАР ТҰРҒЫНДАР ОСЫ МЕЙІРІМ ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛЫНАН КЕЛГЕНШЕ КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗУДА.
Дүкен киім-кешек, аяқкиім, балаларға арналған ойыншықтар, тағы басқа бір-екі қолданыстан шығып қалған, пайдаға асатын заттарды қабылдайды. Қазір уақыт көшімен сән үлгісі де жылдам өзгеруде. Мәселен, биыл алған киіміңіз келесі жылы сәннен шығып, киюге жарамай қалып жатады. Бұрындары ескі киімді ауылдағы туыс-тумаға жіберу деген жақсы үрдіс бар-тын. Ол да қазір қалып бара жатқандай. Берген киімің қоқысқа кетіп, рәсуа болып жатқан жайы бар. Мұндайда мейірім орталығына әкелсеңіз, жағдайы төмен, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға тегін таратылады.
– Әлеуметтік дүкеннің қызметі аудан жұртшылығына бес саусақтай аян. Жеті жыл ішінде көпбалалы аналар мен әлжуаз отбасылар және оқушыларға киім таратып, алғысына бөлендік. Олардың қуанышын көру мен үшін үлкен бақыт. Мұндағы киімдер бірекі рет киілгені болмаса таза, су жаңасы да бар. Арасында әртүрлі заттар келеді. Бір жылдары істейтін компьютерге дейін әкеп тастаған. Сарайда құр жатқаннан өзгеге пайдаға ассын дегені шығар. Әйтеуір мұнда қалмайды. Қазір енді денсаулығыма байланысты дүкенге көп келіп жүргенім жоқ. Өзім болмаған соң «дүкен жабылып қалған ба?» деп сұраушылар көп. Мені іздеген жандарға мейірім орталығы жұмыс істеп тұрғанын айтқым келеді. Дүкеннің мекенжайы Қорқыт ата көшесіндегі сол бұрынғы балалар интернаты болған ғимарат. Киім өткізушілер болса сол жаққа апаруларын сұраймын, – дейді Пернегүл апа.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
10 сәуір 2023 ж. 399 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 102
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 752

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031