» » Жүрегім толы мейірім!

Жүрегім толы мейірім!

«Қазақстан-мейірімділік мекені» республикалық балалар бастамасының өңірлік іс шарасына сәйкес аудандық білім бөлімі жұмыс жасауда. №272 мектепте "Қазақстан-мейірімділік мекені" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие жұмысы барысында өзіндік адамгершілік құндылықтарын оқушы бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту мақсатында жұмыстар жүргізілді. «Қазақстан-мейірімділік мекені»-деген сөз мағынасын оқушылар өз ойларымен аша білді. Қазақстанымыздың болашақта да мейірімділік мекенде болуы балалар өздерінің қолдарында, яғни еліміздің болашағы өз қолдарында екенін түсіне білді.
Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу - өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Наурыз айында 5-6 сыныптар аралығында «Жүрегім толы мейірім!» атты жәрмеңке ұйымдастырылды. «Жүрегім толы мейірім» атты ұйымдастырылған қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаражатқа мектебіміздегі әлеуметтік жағынан қорғалмаған және күнкөрісі төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға материалдық көмек көрсетілді. Игі істер жалғасын таппақ.


20 наурыз 2019 ж. 2 227 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930