» » Рақым айы

Рақым айы

qarmaqshy-tany.kz БАРШАМЫЗДЫ ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫНА АМАН-ЕСЕН ЖЕТКІЗГЕН АЛЛАҒА САНСЫЗ ШҮКІРЛЕР БОЛСЫН. СІЗДЕРДІ ИСІ МҰСЫЛМАННЫҢ ҰЛЫҚ АЙЫ РАМАЗАННЫҢ КЕЛУІМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН. МЕРЕКЕ ӘРБІР ОТБАСЫНА БАҚЫТ ПЕН БЕРЕКЕ, БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚ ӘКЕЛСІН. АЛЛА ТАҒАЛА ҰСТАЙТЫН ОРАЗАМЫЗДЫ, ЖАСАЙТЫН ДҰҒАМЫЗДЫ, ОСЫ БЕРЕКЕЛІ АЙДАҒЫ ҚҰЛШЫЛЫҒЫМЫЗДЫ ҚАБЫЛ ҚЫЛҒАЙ.
Рамазан – тәубе мен тәрбие, тақуалық пен қанағат, шүкір мен сабыр, мейірім мен қайырымдылық, береке мен бірліктің айы саналады. Ораза – сауап жинап, рухани кемелденудің, түйіндеп айтқанда, бұл Раббымыздың мейірім-махаббатына бөленетін ай. Құдси-хадисте: «Аузы берік адам ішіп-жеуін Мен үшін доғарды. Ораза мен және құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды мен ғана өлшеп, мен беремін. Аузы берік құлымның аштық пен шөлдеу себебінен шыққан ауыз иісі мен үшін миск әтірінен де қайырлы», – деп көрсетілген.
Қасиетті айдың ерекшелігінің бірі – Алланың құлдарына деген рақымының басқа айларға нәсіп болмаған ерекше көріністері мен кеңшіліктері орындалады. Бұл кеңшіліктер құлдың Раббысына деген махаббаты мен қастерлеуін ұлғайтып, күнәлары үшін ұялуына, кешірім сұрап, тәубесін жаңартуына орасан септігін тигізеді. Тәубеге келуімен жүрегі нұрға бөленіп, Құран оқуға, тыңдауға, оқытуға арналады. Намазға ұқыпты болып, рухани дүниесі жанданады. Нәтижесінде, бұл айдан нәпсісін жеңген, күнәлары кешірілген күйде шығады. Сөйтіп, тозақтан азат етілген құлдардың қатарына түсуі тіленеді. Алланың елшісі бір хадисінде: «Рамазан кірген кезде жәннат есіктері ашылып, тозақтың есіктері жабылады. Сондайақ, шайтандар кісенделеді», – делінген.
Оразаның тағы бір пайдасы – Ораза бүкіл емнің атасы. Ол адам ағзасындағы артық және улы нәрселерді қуып шығарып, жаңартады және асқазанына демалыс береді. Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Ораза ұстаңдар – сау боласыңдар!», – деп айтқаны бар.
Рамазанның соңғы он түнінің ішінде мың айдан артық тұратын Қадір түні бар. Қай тұрғыдан алсақ та Қадір түніне теңесетін ешбір түн жоқ. Осындай ұлы сауаптан жүрегіміз бейқам болмас үшін, Алла тағала Құран кәрімде: «Қадір түні мың айдан да артық!», – деп қызықтырған.
Осы айда «Қармақшы ата» мешітінде тарауих намазы мен Құран қатым толық оқылады.
Қадір түнінде атқарылатын құлшылық барлық күнәны жуып кетеді. Ендеше, берекелі айдың берекетінен құр қалмайық, халайық. Жәннат есіктері ашылатын айда жақсылықта жарысайық. Раббымыз ниетіміз бен амалымызды қабыл етіп, баршамызды рамазаннан рамазанға дейін айдан аман, жылдан есен жеткізе бергей!
Өміржан ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ,
ауданның бас имамы
21 наурыз 2023 ж. 546 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 341

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 424

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930