» » Үйіңізде газ бар ма? Ендеше оқыңыз!

Үйіңізде газ бар ма? Ендеше оқыңыз!

Иіс тигеннен қалай сақтану керек? Уланудың негізді себебін білесіз бе? Газ иісін сезгенде не істеп, қайда хабарласу қажет? Жер үйде, пәтерде газды пайдаланғанда қандай техникалық қауіпсіздік шарасын сақтау керек?
КІМ НЕ НӘРСЕГЕ ЖАУАП БЕРЕДІ

Жер үйлердің немесе пәтердің ішіндегі газ жабдығының жұмысқа жарамдылығына жауапкершілік тұтынушының өзіне жүктеледі.
Ғимаратта, бөлмеде, үйдің кіре берісінде немесе көшеде газдың иісін сезсеңіз, не істеу керек?
1. Газ жабдықтарыны бәрін өшіріп, бөлмені желдетіңіз.
2. Жақын жерде, маңайыңызда ешкім от, сіріңке жақпасын, өрт немесе электр жарығын қолданбасын (темекі шегуге тыйым салынады, ажыратқыштар мен тұрмыстық техниканы қолдануға тыйым салынады).
3. Газ иісі тарамаған, таза ауада тұрып 109 – қызметіне хабарласыңыз. Жер үйдегі газ Жеке үйлерде, сондай-ақ саяжайларда, гараждарда иіс газынан улану оқиғасы жиі кездеседі. Енді біз пеш емес, газ қазандығының көмегімен және су жылытқыштарын пайдалануды қарастырамыз. Бірақ от жанатын газы бар пәтер тұрғындары, сондай-ақ жылу жүйесі тоқтатылған салқын маусымда жылыну үшін газ плитасын ұзақ қосатын пәтер тұрғындары да уланып жатады. Қауіптілік мынада: улы газ түссіз, иіссіз және оттегіні жояды.
Уланудың негізгі себептері:
- түтіндік, пеш мұржаларының дұрыс жұмыс істемеуі;
- жуынатын бөлмелерде газды су жылытқыштарын рұқсатсыз орнату. Бір текше метр газдың жануы үшін 10 текше метр ауа қажет. Алайда шомылатын бөлмеде ондай жағдай жоқ. Газды су жылытқыш тек ас үйде және желдету арнасы, желдеткіш терезесі бар арнайы оттық бөлмеде ғана орнатылады. Ауада небәрі 0,1% иіс газы шоғырланғанда адам бір сағаттан кейін есінен танады. Ал 0,5% иіс газы шоғырланғанда адам 20 минуттан соң уланып өледі, 1% -да бір минутта жан тапсырады.
Таза ауа. Желдету Тұрмыстық газдың иісі болмайды. Біздің айтып үйреніп қалғанымыз, ол негізінде, көгілдір отынды ағып кетпеуге қолданатын түрлі иістендіргілер.. Мұнда да иісі сезілмейді. Осындайда желдету жүйесі өте маңызды. Ешқашан, ешбір сылтаумен (жәндік кіріп кетпесін, сәнін бұзып тұр, ыңғайсыз, қолайсыз және т.б.) сорып шығару және желдету құбырларын бітеп жабушы болмаңыздар!

БҰҒАН ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

- үйді өз еркіңізбен газдандыруға, газды ауыстырып, орнынан қозғауға және кез келген газ құрылғысын жөндеуге;
- тиісті қызметтің рұқсатынсыз газ жабдықтың орнын ауыстыруға, үйді қайта салғанда орнынан қозғауға;
- газ құрылғылары, түтін және желдету арналарын өздігімен жобалауға;
- қолданыстағы қауіпсіздікті автоматтандыруды өшіруге;
- жабдығы бұзылған кезде газды пайдалануға;
- жұмыс істеп тұрған газ құрылғыларын қараусыз тастауға және оларды балаларға беруге; - үйді жылыту үшін газ плитасын пайдалануға;
- газ құрылғылары орнатылған бөлмелерде ұйықтауға;
- газдың ағып кетуін анықтау үшін отын жағуға;

ЖОҒАРЫДА ЖАЗЫЛҒАН ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ОРЫНДАП, АМАН-САУ ЖҮРІҢІЗ ДЕП ТІЛЕЙМІЗ.

ГАЗ ТЕК ОНЫМЕН ДҰРЫС ПАЙДАЛАНҒАНДА ҒАНА ҚАУІПСІЗ.
ТҰРМЫСТА ГАЗДЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАҢЫЗ.
14 наурыз 2023 ж. 390 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 347

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 429

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930